Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркін Рақышевтің кезекті киносы Қытайда көрсетіледі

Қазақ киносы Қытайда көрсетіледі. Еркін Рақышевтің «Әйгерім» атты фильмін миллиардтаған көрермені бар көршілеріміз сатып алмақ. Фильм көзі көрмейтін қазақ қызының ауыр тағдырына негізделген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

7555555

Сурет brod.kz

Дәл осындай оқиға Қытайда да өрбиді. Режиссер қос зағип жанның өмірі арқылы екі елдің арасындағы тарихи қарым-қатынасты көрсеткен. Астанада тұсау кесері өткен «Әйгерім» бүгіннен бастап еліміздегі кинотеатрларда да көрсетіліп жатыр.

Фильм Үрімші мен Алматыда түсірлген. Кейіпкерлерді де екі елдің актерлары сомдайды. Жас қытай жігітінің сүйген қызы соқыр. Ұзақ қиналып, ақ халаттылардан үміті үзілген бойжеткен ақыры дәрі ішіп өледі. Дәл осы кезде Алматыда да көзі мүлдем көрмейтін 8 жастағы Әйгерім есімді қыз бала өсіп келе жатқан еді. Режиссер фильмде екі жарымжанның тағдыры арқылы, ашаршылық жылдардағы тарихи деректерді келтіріп қазақ пен қытай арасындағы байланысты көрсеткен.

“Кеңес одағының озбырлық саясатынан ашаршылық жылдары жүз мыңдаған қазақтар шетелдерге босып кеткен. Сол жылдары көптеген қазақтар шекара асып, қытай еліне барып, сол жерде мекендейтін қандастарымыз бен қытай халқының көмегінің арқасында аман қалған”, – дейді Еркін Рақышев.

Бала күнінен көп қиналған Әйгерім бойжеткен соң, тігінші болып жұмысқа орналасады. Кейін ол арбаға таңылған Ержан есімді мүгедек жігітпен танысып, екі жас сырласқа айналады. Ал, басты рөлдегі соқыр қызды сомдаған 11 сыныпта оқитын алматылық Айша. Жас актрисаға әсіресе Әйгерімнің жылаумен өткен көп күндерін айнытпай жеткізу қиын болыпты.

“Бүкіл фильм бойы жылаумен өтеді, негізі. Жылау қиынға соқты. Осы кезге дейін мен зағип жандардың өмірі туралы ойланбаппын. Біз негізі бардың қадірін білмейді екенбіз. Он екі мүшеміздің сау екенін”, – дейді Айша Мамутова.

Күндердің күнінде Ержанның бұрын байқаусызда кішкентай қыздың көзіне химиялық сұйықтық төгіп алып, зағип қылғаны есіне түседі. Ол жанында жүрген Әйгерім еді. Енді Ержан өз аяғын емдеуге деп жиған ақшасын Әйгерімнің көзіне ота жасату үшін жұмсамақ болады. Жас жігіт шетелден дәрігер іздейді. Ал, алдынан сүйікті қызы соқыр болғаны үшін дәрі ішіп өлген Лу шығады. Қытайлық дәрігер зағиптарға арналаған жаңа дәрі ойлап тапқан екен. Лу осы сәттен қазақ деген халықты зерттей бастайды. Ашаршылық жылдары қытай мен қазақ бір үзім нанды бөле жегенін біледі. Сөйтіп, Әйгерімге операцияны тегін жасайды. Ота сәтті аяқталып, қыздың көзі көреді, ал бұған қатты қуанған арбадағы Ержан да орнынан тұрып кетеді.

Мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын фильм қытай тіліне аударылып, жуырда көршілерімізге тарамақ.

Талқылау