Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркін күрестен Данияр Қайсанов ресейлік қарсыласынан жеңілді: Балуан қолаға таласады

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Қайсанов қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

күрес

Токио Олимпиадасында жартылай финалдық белдесулер аяқталды.

Аталған салмақта қазақстандық Данияр Қайсанов сынға түскен болатын. Финал жолдамасы үшін таласта Қайсанов екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Судаковпен белдесті. 

Кездесу ресейлік балуан үшін айтарлықтай қиын болған жоқ. Ол 11:0 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың финалына өтті. 

Талқылау