Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркеш Шәкеев ұлының өліміне қатысты жаңа деректерді айтып берді

Композитор Еркеш Шәкеев ұлы Сафардың өліміне қатысты жаңа деректерді айтып берді.

14203370_1052864844762541_8557077840975049499_n

«Ол қайғылы оқиға салдарынан көз жұмды. Сол күні өзенде кішігірім көшкін болған деп ойлаймын. Куәгер қыз оның өзеннен бетін жуғанын айтып, ұлым тұрған жерді көрсеткен. Алайда, қазір дәл сол жерден суға жету мүмкін емес», – деп жазады Шәкеев Facebook парақшасында.

Қазақстандық композитор өзін қолдағандарға алғыс білдіре отырып, керісінше аяқтан шалғысы келгендерге, кері пікір айтып жатқандарға да жауап қатты.

«Сіздердің әрқайсыларыңыздың қолдауларыңыз маңызды. Әрбір қолдау сөздеріңіз отбасы мүшелерімізге демеу болып, қайғымыздың орнын толтырып тұр. Бұдан бөлек өз парақшамда қайғының үстіне одан әрі ауырпалық көрсеткісі келетін жексұрындарды да атап өтуге кұқым бар шығар деп ойлаймын. Әрбір жамандықтың өзіңе қайтып келетіні белгілі. Дәл мендей күйді бастан кешкенде оны көтере алуларың неғайбыл. Сондықтан өзіңізді, жақындарыңызды ойлаңыз. Олар сізді қандай болсаңыз да жақсы көретін шығар деп ойлаймын. Оңбаған болу да оңай емес шығар, мен сіздерді аяймын», – деп жазады.

Композитор өзіне қастандық жасаушыларға бетпе-бет келіп сөйлесуді ұсынды.

«Арқадан пышақ салушыларға бетпе-бет жүздесіп, ер адамдарша сөйлесуді ұсынам. Ол үшін уақыт бөлуге тырысам. Өйткені, менің қазір бос уақытым көп», – дейді Шәкеев.

Бұдан бөлек Шәкеев Әлихан Алтынбеков есімді азаматтың ұлы жөнінде қойған сауалына: «Ұлым туралы фильмді өзім түсірдім. Екі досым үшеуміз еріктілер мен ұлымды туған күніне орай еске алу кешіне арнайы түсірдік. Сізге де балаңыздың туған күніне осындай фильм түсіруге кеңес берем. Ол сіздің ұлыңызға деген махаббатыңызды білдіретін болады», – дейді композитор.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Еркеш Шәкеевтің қайтыс болған ұлы туралы фильмі көрермендердің көзіне жас алғызды (фото)

Еркеш Шәкеев: Мен миллионер емеспін, Сафардың жабылмаған несиесі бар

Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі қалай өтті (фото)

Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Талқылау