Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркеш Шәкеев ұлына деген сағынышын кезекті туындысы арқылы жеткізді (видео)

Еркеш Шәкеев марқұм ұлына кезекті туындысын арнады.

новый коллаж

Фото: instagram.com/milka_koda/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Композитордың ұлы туралы жаңалық жуырда барша Қазақстанды алаңдатқан болатын. Сафарды жақын танитындар да, танымайтындар да оны іздеу жұмыстарына атсалысқан-ды. Өкінішке орай, жігіт бір апта уақыттан кейін Есентай өзенінен өлі күйінде табылды.

Марқұммен қоштасу рәсімінде ұстаздары мен достары ол туралы естеліктерін бөлісті. Ал Еркеш Шәкеев “Мен әзірге Сафармен қоштаспаймын. Екеуіміз ұзақ сырласып, көп сауалдың жауабын алуым керек. Менің орындайтын өзге рәсімім бар” деп айтқан болатын. Сол сәтте көзіне жас алмаған әке ішкі тебіренісін кезекті туындысы арқылы жеткізуге тырысқан екен.

Бүгін Еркеш Шәкеев Youtube желісінде ұлына арналған естелік видеосын жариялады. Аталған видеода Сафардың түрлі суреті көрсетіліп, артында композитордың “Мені есіңде сақта” атты туындысы ойнап тұрады. Оны орындағандар – Дмитрий Варелас пен Джон Ленехэн.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.


Жіберіп алмаңыз:

Еркеш Шәкеев: Мен миллионер емеспін, Сафардың жабылмаған несиесі бар

Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі қалай өтті (фото)

Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Талқылау