Еркеш Шәкеев ұлына деген сағынышын кезекті туындысы арқылы жеткізді (видео)

Сенбі, 6 Тамыз , 2016 18:02

Еркеш Шәкеев марқұм ұлына кезекті туындысын арнады.

новый коллаж

Фото: instagram.com/milka_koda/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Композитордың ұлы туралы жаңалық жуырда барша Қазақстанды алаңдатқан болатын. Сафарды жақын танитындар да, танымайтындар да оны іздеу жұмыстарына атсалысқан-ды. Өкінішке орай, жігіт бір апта уақыттан кейін Есентай өзенінен өлі күйінде табылды.

Марқұммен қоштасу рәсімінде ұстаздары мен достары ол туралы естеліктерін бөлісті. Ал Еркеш Шәкеев “Мен әзірге Сафармен қоштаспаймын. Екеуіміз ұзақ сырласып, көп сауалдың жауабын алуым керек. Менің орындайтын өзге рәсімім бар” деп айтқан болатын. Сол сәтте көзіне жас алмаған әке ішкі тебіренісін кезекті туындысы арқылы жеткізуге тырысқан екен.

Бүгін Еркеш Шәкеев Youtube желісінде ұлына арналған естелік видеосын жариялады. Аталған видеода Сафардың түрлі суреті көрсетіліп, артында композитордың “Мені есіңде сақта” атты туындысы ойнап тұрады. Оны орындағандар – Дмитрий Варелас пен Джон Ленехэн.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.


Жіберіп алмаңыз:

Еркеш Шәкеев: Мен миллионер емеспін, Сафардың жабылмаған несиесі бар

Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі қалай өтті (фото)

Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

22
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ата-анасына сабыр берсін Аллаhым.. иманды болсын..

  • Анонимно says:

    Апалатсаң апалат, боталатпа дейді атам қазақ ((( ешкімнің басына бермесін. Ешбір адам баласын жоқтап жыламасын….

  • Анонимно says:

    Омир жалган дуние ай недеген окиништи жаным жылайды амал канша баримизде барамыз о дуниеге Оте жас аке шешесине сабыр берсин

  • Анонимно says:

    Иманды болсын. Жаны жəннəтта болсын. Ата анасына Алла сабырлылық берсін.

  • Анонимно says:

    Жаны жаннатта болсын

  • Анонимно says:

    Сахарок…. прости нас что не смогли уберечь, прости нас что не проходили рядом, прости что не спасли тебя. Я не знала тебя лично и все равно скорблю и в сердце такая тоска .

  • анон says:

    озекти ортеп бакилык болган пенде гой. Омирден жарык жулдыз агып тускендей болды. Ата анасына сабырлык берсин. жумактын торинде болгайсын али кунге шеин корсем конилим босайды

  • Анонимно says:

    Оте окиништи, иманды болсын, ата анасына сабырлык берсин алла.

  • Анонимно says:

    Не деген окиништи казактын осындай сымбатты жигити омирден кеткени жаксы Адам екени жузинен коринип тур ата анасына спбыр берсин кудай

  • Анонимно says:

    Алтын балапаным-ау!!! Жанын жаннатта болсын!!!

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар