Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркеш Шәкеев «Твои шаги» әніне негіз болған мұңды естелікті айтып берді

Танымал қазақстандық компазитор Еркеш Шәкеев өзінің Фейсбуктағы парақшасында Батырхан Шүкенов орындаған «Твои шаги» әнінің қалай пайда болғаны туралы жазып, сырымен бөлісті.

шакеееевв

Бұл туралы inform.kz хабарлайды

«Бұл өлеңді танымал музыкант Владимир Ковалевтің әніне жаздым. Оның тудырған әуенінен-ақ, соншалықты талантты әрі биязы, өз ісін сүйетін адам екенін аңғаруға болады», – дейді Еркеш Шәкеев.

Оның сөзінше, әнді алғаш тыңдағаннан-ақ нағыз жүректен шыққан туынды екені сезілген.

«Бұл туынды менде жылдан астам уақыт жатып қалды. Бірде ас бөлмеде жарым маған шай құйып жатқан. Кенет, көңіліме әуенмен үндескен өлең мәтіні құйыла кеткені: «Дереу маған қағаз бен қалам әкеліңдерші» дедім. Бір бөлмеге қамалдым да, өлеңді тоқтамастан бір деммен жазып шықтым», – дейді белгілі компазитор.

Ол 80-жылдардың орта шенінде өзінің сыныптасы Әбіштің үйлену тойына қатысу үшін Шымкентке барады. Сол жақта Ғазиза есімді арумен танысып, біраз тәтті күндерді бастан өткереді.

«Көп ұзамай ол қыз Көкшетаудағы медициналық институтқа оқуға түсті. Біз одан кейін тағы да жақын араластық. Ата-анам да оны ұнатты. Мен тек дос ретінде ғана сөйлесіп, пікірлесетінмін. Ал үйдегілер болса, менің оған ұсыныс жасауымды қалады».

Компазитор бірде ауруханаға түсіп қалғанда, Ғазиза оған келеді.

«Оның көздерінен ерекше сезім ұшқыны көрініп тұрды. Бейтаныс адам үшін бәрін тастап осында келіп тұрған қызға, менің де ішімде жылылық оянды. Мен оған айттым: «Қалаға кетпей-ақ қой. Кеш түсіп кетті. Одан да біздің үйге бар, анам қатты қуанып қалар еді». Ол жәй ғана жұмбақтау жымиып қойды», – дейді Еркеш.

«Оның соңғы автобустардың біріне отырып кеткенін келесі күні білдім. Өкінішке орай, аялдамаға түсе бергенде қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қағып өтіп жазым етіпті», – деп өкінішпен еске алды автор.

«Бірнеше жыл өткен соң, менің өлеңімде осы бір ауыр тақырып көрініс тапты…», – дейді ол.

Талқылау