Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркеш Шакеев: Менің ұлым Сафар абайсызда болған оқиға салдарынан қаза тапты

Жақында ғана үлкен ұлы Сафардан айырылып қалған танымал қазақстандық композитор БАҚ өкілдері мен халыққа үндеу жолдады.

erkish1452484235

Фото: yk-news.kz 

Үндеу мәтінін Шакеевтер отбасының досы Виктория Момынбаева өзінің Facebook паракшасында жариялады.

«Мен, Еркеш Шакеев, өзінің сүйікті, үлкен ұлынан айырылып қалған сіздердің отандастарыңыз, отбасымды психологиялық жарақаттардан қорғау мақсатында БАҚ өкілдерінен (сондай-ақ, YouTube, Google және т.б.) және кейбір отандастарымнан әлеуметтік желілердің бәрінен адам шошырлық видеоларды, репортаждар мен оларға қалдырылған жағымсыз пікірлерді өшірулеріңізді өтінемін», – дейді сазгер.
Сондай-ақ, жұртшылықтан адамгершілік тұрғысынан оның өтінішін аяқсыз қалдырмауды сұрады.

 
«Мен әлі де адамдарды жақсы көремін және мұны бүкіл саналы ғұмырымда қызметіммен және тәрбиеммен шынайы түрде аңғартып келемін. Осы өмірге аамдарды қуанту үшін және олардың өмірлерін жеңілдету үшін келгенімді сенімділікпен айтамын.

“Барлықтарыңыздан өтінерім, менің өтінішіме немқұрайлы қарамаңыздар екен! Ұлымды іздестіру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға, аяқ астынан басымызға түскен қайғымызға ортақтасып, жылы лебіздерін жолдап, маған және отбасыма демеу болған жандардың бәріне алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, бар күдікті сейілту үшін, менің ұлым Сафар Шакеев жергілікті орындардың қауіптілігін білмегендіктен және Весновка жағалауының ең қауіпті аймағында болып қалғандықтан, абайсызда орын алған оқиғада қаза тапқанын ресми түрде жариялаймын. Менің отбасыма қатысты үрей-қорқынышымды түсінбей, өтінішімді орындамаған жандар мен БАҚ өкілдерін рақымшылдыққа шақырып, бауырлық және азаматтық тұрғыда қоғамның белсенді түрде әрекет етуін сұраймын», – делінген ресми үндеу хатында.

 
Сөз соңында Еркеш Шакеев жұртшылыққа бақыт тіледі.
«Бақытты болыңыздар! Мұндай қайғыны ешкімнің басына бермесін. Ұлыма арнаған жылы тілек-лебіздеріңіз сіздердің балаларыңызды сақтасын! Жаратқан отбасыларыңыздың амандығын берсін!», – деп түйіндеді сөзін ол.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Еркеш Шәкеев: Мен миллионер емеспін, Сафардың жабылмаған несиесі бар

Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі қалай өтті (фото)

Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Талқылау