Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркеш Шәкеев Лондонға кетті

Танымал компазитор Еркеш Шәкеев әлеуметтік желідегі парақшасында Лондонға кеткенін хабарлады.

8888888

Лондонға табаны тиген Еркеш Шәкеев он алты музыкалық шығармасын фортепиано және виолончелдың сүйемелдеуімен жазып шықпақ екен.

“Менің ұлым Сафар өмірден озды, бірақ менің еншімде көптеген бірге жасаған жоспарлар қалған еді, бұл соның бірі. Ол осы жобаның авторы және продюсеры болды. Сафар менің музыкаларым бойынша нақты қадамдар жасауға идея ұсынған еді. Демек ұлыммен жасайтын істерім жалғасады және бұл істі соңына дейін жеткізуім керек”, – деп жазды ол.

Жазу жұмыстары Эбби Роадтың студиясында жүреді екен. Екі күнге созылған жазу жұмыстарынан кейін 40 музыкалық шығарма дайын болмақ. Ал музыкалық жазу жұмыстарына танымал британиялық шеберлер Джон Ленехан (фортепиано) мен Александр Бэйли қатысады.

“Жазуды ұйымдастыруға маған достарым Нұржан Субханбердин, Асқар Алшынбаев, Ғалымжан Есенов және Серік Бішібеков атсалысты. Сегіз аранжировканы Дмитрий Варелас пен Джон Ленехан жасап шықты. Бұл жазбаның саундпродюсері белгілі британиялық маман Крис Краккер. Болашақта да кім бізбен бірге болып қалады, солармен жұмысымызды жалғастыра береміз. Барлығыңызға қуаныш пен шаттық тілеймін!”, – деп аяқтаған продюсер сөз соңын.

Компазитор биылғы жылы дарынды ұлы Сафар Шәкеевтен айырылып қалған еді.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.

Талқылау