Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркенің “Қайда” бейнебаяны 10 млн көрілім жинап, рекорд орнатты

Ерке Есмаханның “Қайда” атты әнге түсірілген бейнебаяны бір жарым айда 10 миллион көрілім жинап, қазақстандық шоу бизнесте рекорд орнатты.

20067044_1820946687920472_5283765971239043072_n

Сурет: Ерке Есмаханның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда демалысының алдында Ерке Есмахан тыңдармандарына “Қайда” атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынып кеткен болатын. Көп ұзамай демалыстан оралған әншінің өзін ерекше тосын сый күтіп тұрды. Youtube желісінде бейнебаяны бірнеше күнде миллионан астам көрілім жинап үлгерген екен. Енді міне бір жарым айдың ішінде аталған туынды 10 миллионан астам қаралған.

Әншінің өзі мұндайды күтпеген айтып жатыр. “Рекорд! Менің сөзім жоқ” дейді ол. Желі қолданушылары да әннің осындай көрілімге лайық екенін айтып жатыр. “Мен Бішкектен боламын! Менің балаларым да осы әнді қатты жақсы көреді. Күнде тыңдайды”, “Ақтөбенеің Еркесі алға!”, “Құттықтаймын! Сіз осыған лайықсыз. Әрдайым биіктен көріне беріңіз”, “Жарайсыз! Тағы да осындай ерекше бейнебаян түсіруіңізді күтемін”, “Менің кішкене қызым осы әнді жаттап алды. Бейнебаянды күніне 10 рет қарайды”, “5 жасар қызым күніне 15 рет қарайды” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан микрофонын инеге айырбастады

Мөлдір Әуелбекова сыңсу айтып, қыз ұзата бастады

Димаш Құдайберген Қытайда ең танымал шетел әншісі атанды

Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)

Талқылау