Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркебұлан мен Жанерке: Қазақстан халқының жартысы қараңғы және білімсіз (видео)

Еркебұлан мен Жанерке. Бұл есімдерді «Қалаулым» бағдарламасы арқылы жұрт жақсы таниды. Аталмыш жобада табысқан қыз бен жігіт бүгінде бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатыр. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген жұлдызды жұп, жанұялық өмірдің қызықтары мен атышулы шоудың құпияларын еш бүкпесіз баяндап берді.

Еркебұлан мен Жанерке: Қазақстанның жартысы қараңғы, білімсіз деп айта аламын

– Қош келдіңіздер! Таяуда той өтті. Алғашқы сауалымды отбасылық өмірден бастасам?

Еркебұлан: Енді ғана үйреніп жатырмыз. Осы уақытқа дейін сүйікті қызым деп үйреніп қалғанмын ғой. Енді әйелім деп атауға үйренісе алмай жүрмін. (күледі) Ал, отбасылық жауапкершілікті ер адам ес білген күннен бастап сезінуі тиіс деп ойлаймын.

Жанерке: Шүкір, барлығы жақсы! Алғашқыда көпшілік алып шаһар Алматыдан, шағын Сәтпаев қаласына барғанда ішің пысатын шығар деп ойлады. Тіпті Еркебұланның туған жерін ауыл деп елестетті. Негізі Сәтпаевта адамның өмір сүруіне барлық мүмкіндік бар. Бастысы махаббатың қасыңда болса, ермек етер кәсіп табуға болады.

Еркебұлан мен Жанерке: Қазақстанның жартысы қараңғы, білімсіз деп айта аламын

– Қазіргі таңда Сәтпаев қаласында тұрасыздар! Алматыға немесе Астанаға көшу жоспарда бар ма?

Еркебұлан: Әзірге Сәтпаев қаласында тұрамыз. Барлығын уақыт көрсетеді. Бұл сөзді Алматыға келгеннен бастап айтқанмын. Мен өзім Астанаға жақын адаммын.Менің ойымша қай қалада тұрғаның маңызды емес. Мысалы, Алматыда қаншама адам бар. Пәтерден пәтерге көшіп, жұмыс істеп қиналып жүрген. Ал, біздің Сәтпаев қаласының тұрғындары жазда Түркия, Дубайда демалады. Бизнестің көзін таба білсең болғаны.

Жанерке: «Жұмыс бабымен келіп тұрмасақ, болашақта Алматыға келмейміз» – деп бірден айтқан Еркебұлан. Алайда, 1-2 жылдан кейін Сәтпаевтан көшуіміз мүмкін. Бірақ тек қана Астанаға көшеміз. Ал маған керісінше Алматы жақын. Екі жаққа тартсаң, ортада өгіз өледі. Сондықтан, екі жаққа тартпаймыз. Еркебұлан отағасы болғандықтан, оның сөзі жүреді.

Еркебұлан мен Жанерке: Қазақстанның жартысы қараңғы, білімсіз деп айта аламын

– Еркебұлан мен Жанеркеге «Қалаулым» бағдарламасы не берді? Біріншіден өмірлік жар кездесті. Екіншіден?..

Еркебұлан: Не берді? Жанеркемен кездестім. Ел арасында танымалдылық бар. Бірақ мен әнші, актер емеспін. Көшеде емін-еркін жүре беремін. Көшеде көпшілік танып, суретке түсіп жатады.

Жанерке: «Қалаулым» біздің табысуымызға септігін тигізді. Үлкен танымалдылық әкелді. Қаржы әкелді. Себебі біз инстаграм арқылы жұмыс жасаймыз. Жарнама жасау арқылы қаржы табамыз. Және де атыма бренд қалыптасты. Жақында сұлулық салонын ашып жатырмыз.

– Желіде жағымсыз пікір жазатын оқырмандар да жетерлік. Жеке басқа тіл тигізіп, көңілге кірбің салатын сәттер бола ма?!

Еркебұлан: Қазақстанның жартысы қараңғы, білімсіз деп айта аламын. Бағдарламаға келгенге дейін соншалықты қараңғы екенін білген емеспін.Кейде ашуланып тұрған кезде пікірлерді оқысам, қатты айтып жіберемін. Көбінесе ол адамдардың деңгейіне түскім келмейді. Ақымақ адамдар көп. «Мұрының қисық, басың үлкен» – деген сияқты пікірлер жүйкеге тиеді. Олардың түріне қарасаң, сенен өтіп кеткен. Сондай сөздер жазғанына қарап, күлкің келеді.

Жанерке: Біздің тойды көргендер сенген жоқ. «Тойдағы туыстарды актерлар, бізді отбасымен театр қойылымын қойып жатыр, «Қалаулым» бұларға миллиардтаған ақша берген шығар, ақша үшін арын сатқандар, бұлардың үйленгендері өтірік» – деп сөкті. Адамдардың миларын соншалықты құрт жеп қойған.Мен таң қалдым. Ол адамдардың өмірде жолы болмаған деп ойлаймын. Кейбірі жеке басыма тіл тигізеді. «Тіпті арсыз, ұятсыз, қазақтың намысын төккен қарабет болғымыз келмейді, сен бағдарламаға бай іздеп бардың» – деп жазған адамдар да болды. Мен сотқа беруге дейін бардым. Ата-анам оқып, анамның жүрегі ауырды. «Жанерке ажырасқан, екі баласы бар, Еркебұланды алдап жүр» – деп жалған ақпарат таратқандар да болды. Тойда билеп жүрсем, байға тигеніне мәз сияқты ғой деген әңгімелер де кетті. Мен өз тойымда көңілсіз отырмаймын ғой.

Еркебұлан мен Жанерке: Қазақстанның жартысы қараңғы, білімсіз деп айта аламын

– «Қалаулымның» шынайы бағдарлама екеніне көпшілік күмәнмен қарайды. Оны әлеуметтік желіде де талай мәрте жазды. Бұл жобаға өмірлік серігін іздегендерден гөрі, тез танылу үшін немесе пиар үшін келетіндер де бар ма?! Шындықты айтайықшы.

Еркебұлан: Кейде «Қалаулымға» келген үміткелер ақымақтың сөзін сөйлейді. Мысалы, жақында Самат деген жігіт келіп, мен өлең айтпай кетпеймін дейді. Ол өлең айту үшін келді ме? Әлде қыз алып кету үшін келді ме? Тіпті оның қылығын әлеуметтік желіге салдым. Халықтың көбісі мені қолдады. Мен өлең айттым. Бірақ мені қинап шығаратын. Себебі менің дауысым жоқ. Өзін таныту үшін келетін адамдар көп. «Кейде сенің оқырманың көп қой. Менімен суретке түсіп, менің инста-парақшамды белгілеші» – деп өтініш білдіретін балалар көп. Менің өз басым бұл бағдарламаға келгенде осындай резонанс туады, менің оқырмандарым көбейеді деген ой болған жоқ. «Қалаулымның» шын-өтірік екенін де білген жоқпын.

– «Алдараспан» әзіл-ысқақ театры «Қалаулым» бағдарламасын сахналық қойылым ретінде ұсынды. Жанеркені кейіпкер ретінде таңдаған. Нұржан Төлендиев бастаған ұжымның өнері ұнады ма?

Еркебұлан: Мен өнер адамы емеспін. Мен ондайды түсінбеймін. Көрермен ретінде де көңілден шыққан жоқ. Өйткені сүйген қызымды келеке қылғандары ұнаған жоқ.

Жанерке: Мен «Алдараспандағы» актерлардың басым көпшілігін танимын. Кезінде бірге жүрген достармыз. Еркебұлан басында күліп отырған. Менің кейіпкерім шыққан кезде ұнаған жоқ. Негізі кейбір жерін қатты әсерелеп жіберген. Бірақ қатты ренжіген жоқпын. «Жанеркені не бай алмайды, не Құдай алмайды» – деген екен. Ашық сөздер де айтылған. Кейбір таныстарым келеке қылды. Кейбірі керісінше Жанерке «хит» болдың деп қуанып жатыр. Енді ол қойылымды қоймайды деген үміттемін. Шынайы өмір, шынайы эмоция екеніне көздері жеткен шығар.

Еркебұлан мен Жанерке: Қазақстанның жартысы қараңғы, білімсіз деп айта аламын

– Соңғы сұрақ болсын. Алдағы жанұялық жоспар жайлы білсек?..

Жанерке: «Қыз мұраты кету»! Алдағы жоспарларымызды Сәтпаев қаласында жалғастырамыз. Мен сұлулық салонын ашып және қыз ұзатамын. Еркебұлан да өз кәсібін дөңгелетеді.

– Сырларыңызды ақтарып, шынайы сұхбат бергендеріңізге рахмет. Бақыттарыңыз баянды болсын!

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау