Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке мен Төреғали домбырамен дуэт орындап жүр

Белгілі айтыскер, ақын Төреғали Төрәлі мен әнші Ерке Есмахан қара домбыраларын асынып, еліміздің 12 қаласында өнер көрсетіп жүр. Мұны естіген тыңдармандар оларды өздері тұратын қалаға қонаққа шақырып жатыр.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дуэттің орындауындағы “Алло” әні жарық көргелі желі қолданушылары екеуінің жарасымды жұп екенін, арасында ғашықтық сезім бар екені туралы жарыса жазған болатын. Алайда жақын күндердің бірінде Ерке Есмахан тілшімізге берген сұхбатында мұны жоққа шығарды.

9

T--re--ali-T--re--li-otbasyin-----rdyi

Төреғали Төрәлі 2014 жылдың 26 қарашасында Толқын Тұрарбекқызы есімді арумен шаңырақ көтерген болатын. Әнші сүйіктісімен бірге түскен суреттерін әлеуметтік желіде жарияламаса да, отбасылық бағдарламалардан бой көрсетіп жүр.

 

@erke_esmahan @toregalitoreali 🌟🌟 #турпоказахстану

Видео опубликовано Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_official)

Дуэт тек өздеріне тиесілі ғана әнді емес, Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиеваның орындауындағы “Сен болмасаң” атты әнді де айтып жүр.

Талқылау