Ерке Есмахан жаңа бейнебаяндағы имиджін сынағандарға: Образдың “көкесін” фильмнен көресіздер

Жақында “Аэропорт” бейнебаянын жарыққа шығарған Ерке Есмахан клиптегі образы үшін біраз сынға қалған еді. Бұл орайда әнші жаңашылдықты қабылдай алмайтын тыңдармандарға ренішін жеткізді.

Ерке Есмахан

Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Менің айтарым, халық жаңашылдыққа дайын болса екен. Көз үйреніп қалады ғой. Мені Instagram-нан, концерттерден көреді. Ерке осындай деген ой қалыптасады. Кішкене образ өзгертсең, қабылданбай, көз үйренбей жатады.

Образдың “көкесі” ертең үлкен кином шыққан кезде болады. Сол кезде халық не дер екен, күтейік. Киномды кайымдап, ұйықтамайтынмын. Қайта-қайта, біресе жақсы ой келеді, біресе жаман ой келеді. Біресе сенімділік, біресе сенімсздік келеді. Шыны керек, бұйырып, қазір түсірілімді бітірдік. Тараз жақта, Шудың бойында 20 күнде түсірдік. Одан кейін Алматыда жалғасты. Бас продюсер болып, сол киноға қаржыны бөлген өзім. Әрі актриса болып, өзім ойнаймын”, – дейді Ерке.

Ел арасында Еркенің жаңа фильмі өзінің бұрынғы ұстазы Баян Мақсатқызы жас кезінде түскен “Махаббат станциясы” фильміне ұқсайды деген пікір бар.

“Ол жерде станция, бұл жерде кафе. “Кафе махаббат” болғанымен, бұл өте дәмді кино болады. Осы кинодан шыққаннан кейін барлық адамдар бірінші тамақтануға жүгіретін болады. Себебі қазақтың дастарханын көрсететін боламыз. Жолдың бойындағы кафеде басталады. Махаббат та, ұрлық та, өтірік те сол жерде болады. Фильмнің жанры – романтикалық, лирикалық комедия. Басқашалай болуы мүмкін емес. Себебі бар нәрсенің жақсы аяқталғанын қалаймын. Сондықтан кинода да бәрі жақсы болады”, – деп құпиясының шетін ашты Есмахан.

Тағы оқыңыз: 

Қыздарының қырқынан шығару рәсімін қарапайым етіп өткізген Бүркіт пен Аиша жұртты тәнті етті (фото, видео)

Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін дене сымбатын қалай қалыпқа келтіріп алғанын айтты

Димаштың туған күніне орай қытайлық жанкүйерлері тағы да тосынсый жасады (видео)

Қыдырәлі Болманов: Қызым болса, Қарақатқа ұқсасын деп армандаған едім

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар