Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан жаңа әнін отандық продюсермен бірге шырқады (видео)

Ерке Есмахан жақында жарыққа шыққан әніне кавер-видео түсірді. Ол “Аэропорт” әнін отандық продюсер Тимур Балымбетовпен бірге шырқаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Ерке Есмахан

Тимур Балымбетов Еркенің үш бірдей бейнебаянының жарыққа шығуына атсалысқан. Ол отандық музыкалық арнада продюсер қызметін атқарады. Одан бөлек, мюзикл пьесаларында өзін актерлық қырынан танытқан Тимурдың ән айтатын қабілеті де бар. Эстрада жұлдыздары Балымбетовты “Балу ағай” деп атап кеткен.

Айтпақшы, дәл осы Балымбетов Еркенің “КЗ жігіт” бейнебаянына түскен. Енді, мінеки ол Еркеге қолдау білдіріп, жаңа әнін бірге шырқады.

“Хайпулечка екеумізден жаңа кавер “Аэропорт”. Толық нұсқасының сілтемесі профайлымда. Керемет ән иә?! Әлде “хит болмайды-ау” дегендердің қатарынансыз ба?! 1 миллион қаралым құтты болсын, Ерке”, – деп құттықтады Балымбетов.

Тағы оқыңыз: 

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың әндерін ұрлап айтып жүргендерге қатысты пікір білдірді

Ақбота Сейітмағамбет: Жеке өмірімнен хайп жасаймын деген ой болған жоқ

Мені, кәрі күнәһарды да кешір: Тұрым Алагөзов келіні Баяннан кешірім сұрады

Сәдуақасова енді актриса: Мәдина өзін сынағандарға жауап берді

Талқылау