Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан “Мұзарт” әншілерін өз отбасымен таныстырды (фото)

Күні кеше Ақтөбеден Алматы қаласына қайта ұшып келуді жоспарлаған “Мұзарт” әншілері ауа райының қолайсыздығына байланысты бөгеледі. Осылайша әншілер өнердегі қарындастары Ерке Есмаханның үйіне қонаққа барады.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Мұзарт” тобының әншілері Ерке Есмаханның үйінде болып, ата-анасымен танысқаны үшін қуанышты. Сәкен Майғазиев “Кеше айтып едім ғой “ненің xайырлы екенін АЛЛА білуші” деп. Бүгін 14:00-де Алматыға ұшуымыз керек еді, Еркенің ата-анасымен танысып, қара шаңырағын көру бұйырып тұр екен. Ақтөбе бізді жібергісі келмей жатыр”, – деп әншінің ата-анасы құшақ жая қарсы алғаны туралы айтып, алғысын білдірді.

рне

фй

Үйіне келген қонақтарға “Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді деген осы!”, – деп Ерке Есмахан қуанып жүр.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Ерке Есмаханның Төреғали Төреәлімен екеуінің арасында  қандай сезім бар екенін айтып бергені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау