Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан микрофонын инеге айырбастады

Микрофонын инеге айырбастаған Ерке сәнгер құрбысының шеберлік дәрісіне келуге қуана келісіпті. Әнші бір уақыт қиялына ерік беріп, ешкімде жоқ әшекей бұйымдарды жасауға кіріскен-ді. Ол мектепте және студенттік кезде сахналық киімдерін өзі безендіргенін айтып жатыр.

17438933_192543911235329_4643284264622751744_n

Сурет: Ерке Есмаханның жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Өзімнің ине-жіп ұстамағаныма біраз болыпты. Күнде бірнәрсе тігемін деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Сол себепті, бүгін ине-жіп ұстап бірнәрсе тігіп жатырмын. Мектепте, колледжде сахналық киімдеріме әдемі тастар тігіп, жалтыратуға тырысатынмын. Әрине, қолымнан келгенше тырысатынмын деп айта аламын. Оның қаншалықты әдемі болғанын білмеймін. Әйтеуір, қиялымдағы костюмдерді жасап шығарғым келетін. Қазір үлкен сахнаға арналған көйлектерімді өзім безендірмеймін. Бірақ, өнерде жүрген әнші апайларымыздың өздерінің көйлектерін өздері тігетіндерін білемін”, – дейді Ерке Есмахан.

Ал шеберлік сабақтарына келіп атсалысқаны үшін әншінің құрбысы оған сүйікті тағамдарын әзірлеп бермек екен.

“Еркемен көп уақыт көріспей кеттік. Бүгін бір себеп туып, қуана шақырып алдым. Осы мастер-класстан кейін оны үйге алып барып, күштілеп тамақ жасап беремін. Ол менің жасаған тамағымды жақсы көреді. Оған арнап бауырсақ, құймақ және ыстық фунчоза пісірмекпін. Осы тағамдарды ерекше жақсы көреді”, – дейді Әсем Нұрсейітова.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова сыңсу айтып, қыз ұзата бастады

Димаш Құдайберген Қытайда ең танымал шетел әншісі атанды

Айқынның Жұлдыз Өмірғалиге үйленіп, отбасын тастап кеткені рас па (фото)

Асхаттың қызы: Әкемнің үйленуіне жылап-жылап алып, келісім беруге мәжбүр болдым (фото,видео)

Талқылау