Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан мектеп линейкасына қатысып, ұлының сыныптастарының алдында ән айтты (видео)

Ерке Есмахан бұрынғы жарымен ажырасқан соң, ұлы Муслимді ата-анасының тәрбиесіне берген. Өнер иесі үнемі гастрөлде жүретіндіктен, перзентінің тәрбиесін оның нағашыларына тапсырған. Десе де, соңғы кездері есейіп қалған ұлын өзімен бірге ертіп жүруді әдетке айналдыра бастағандай, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Ерке Есмахан мектеп линейкасына қатысып, ұлының сыныптастарының алдында ән айтты (видео)

Сондықтан болар, Ерке ұлын қай қалада оқытатынын білмей, ұзақ ойланды. Алматы не Астанада мектепке бергісі келетінін жасырмады. Дегенмен, ақырында Муслимді ата-әжесінің қолында, Ақтөбеде қалдырды.
Биыл әншінің ұлы мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Қуанышты жаңалығымен әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Кішкентай Муслим Ақтөбедегі №60 орта мектептің оқушысы атанған. Осыған орай, Ерке ұлының алғашқы қоңырауына қатысып, мектеп линейкасында оқушылардың алдында ән айтты. Сахна жұлдызы Білім күнінде хитке айналған “Қайда?” әнін шырқаған.

Желі қолданушылары Еркенің бұл әрекетін ерсі деп тануда.

“Бұл мектепке я болмаса оқушыларға арналған ән емес. Алғашқы қоңырауда айтудың не қажеті бар?” “Тәрбие беретін ән бе әлде?” – деп шамданды олар.

Десе де, әншінің репертуарындағы ең танымал ән осы екенін айтып, оны жақтағандар да жетерлік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Пригласили Ерке Есмахан на линейку 01.09.18

Публикация от Aktobe Zello – Official Page (@aktobe_zello)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау