Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Қыздар мен жігіттерден топ жинауға болатын еді

Таяуда алғашқы фильмін түсірген Ерке Есмахан не себепті продюсерлікке бет бұрғанын түсіндірді. Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ерке Есмахан

“Мен енді өнерден алыс емеспін. Барлығы бір өнердің ішінде ғой. Сондықтан да маған өсу керек болды. Өзім продюсер болу керек шығар деп ойладым. Қыздар мен жігіттерден топ жинауға болатын еді, бірақ өзім оған қатты көңілім тартпады. Сондықтан да кино түсіремін деп шештім. Қызығы да, шыжығы да, қиындығы да бар. Кино әлемі өте керемет”, – деп түсіндірді Ерке.

Айта кетейік, Ерке Есмаханның тырнақалды фильмі “Кафе махаббат” деп аталады. Кинотуынды Жамбыл және Алматы облысы аумағында түсірілген. Фильмде басты рөлді Еркенің өзі мен актер Шәріп Серік сомдаған.

Есмаханның су жаңа жобасы алдағы күзде көрерменге жол тартпақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау