Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан концертте өзіне бата берген әжені іздеп жүр

Ерке Есмахан үлкендердің бата-алғысының құдіреті жайлы айтты. Мұнымен қатар, концерттердің бірінде өзіне бата берген бейтаныс әжейді іздеп жүргенін айтты. Көпшілік оның бұл әрекетін кезекті әзіліне балаған-ды.

1uihCpwRT07Jc4IlLGJ5sHeP36f6li

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Ерке Есмахан әріптесі Төреғали Төреәлімен қайта татуласқан-ды. Бүгінде екеуге бірге ел аралап, концерт қойып жүр. Дәл сондай концерттердің бірінде Ерке Есмахағанға бейтаныс әже батасын берген. Әнші үлкендердің батасын алған кезде кәдімгідей марқайып қалатынын айтады. Мұнымен қатар, желі қолданушыларынан өзіне бата берген әжені іздестіруді сұрады.

“Батамен ел көгерер. Үлкендердің бата-алғысын алсам, өзімді керемет сезінем. Алдағы 10 жылда сол тілектер орындалып, бақытты боп жүретiніме кепілдік алған сияқты.

Әуелі Алла, сосын әке-шешемнің дұғасымен осындай кішігірім жетістіктерге жетіп жүрмін деп ойлаймын. Қай өңірге барсам да, үлкендердің ақ батасын алып, марқайып қаламыз. Инстаграмда да күн сайын жылы сөздер мен шын ниетпен жазылған тілектерді алып, төбем көкке жетіп жатады.  Қырықтың бірі – Қыдыр. Сол көп тілектің бірнешеуі орындалып жатыр ғой.

Мынау сондай Тараздағы бата алу сәтінен көрініс. Мен үшін бағалы сәт. Апамды танығандарыңыз болса, инстаграм парақшасын жазып жіберіңіздер!” – дейді ол.

13706823_1119869734754493_1731211772_n

Желідегі достары әншінің тілегін орындамас бұрын жақсылап сынап алды. Оның қазақ тілін дұрыс меңгермендігін айтып, сөз арасына орынды көркем сөздер қосуға кеңес берді.

“Ерке өте сұлу, бірақ тілі шала қазақтыкіндей. Қазақ тілінде көркем сөздер көп қой. Таза жаз. Сен ел назарында жүрген адамсың. Саған сәттілік тілеймін!”, “Сөздеріңді өзің секілді әдемі де көркем сөздермен өрнектесең нұр үстіне нұр болар еді, Ерке сұлу”, “Қазақ тілі өте бай, көркем емес пе?!” – дейді олар.

Мұнымен қатар, әншіні ерекше жақсы көретіндіктерін айтып, бата берген әжені тауып бергендер де табылды.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан тыңдармандарынан қателіктерін бетіне баспауды сұрады

Ерке Есмахан “бөтелкеден су ішем” атты эстафета бастады (видео)

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан қайта табысты

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Талқылау