Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан “Қайда?” клипінің жалғасын түсірді

Ерке Есмаханның “Қайда?” әні жарыққа шыға салысымен-ақ хитке айналып, бүкіл елге таралып кетті. Тіпті, аталған клип 5 айдың ішінде 30 миллион рет қаралып, бұрын соңды болмаған рекорд орнатты. Күні кеше әнші елді шулатқан әннің жалғасы ретінде жаңа бейнебаян түсірді.

Бұл туралы Гәкку арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Ән қазақ жігіті, қазақ ұлы туралы. Тыңдармандар “Жоқ-жоқтан” кейін “Бар-бар” деген ән күтті ғой. Сол екеуінің ортасындағы қандай жігітке ғашық екенім, қандай жігіт менің болашақ жарым болу керек, соны сипаттайтын, бейнелейтін ән”, – дейді Ерке.

Ерке әнші бұл жолы да клипті Gakku Entertainment ұжымымен бірге таспалауда. Себебі:

“Мен адалдмын. Тексеріліп, жұмыс жасап көргеннен кейін, жетістікке жеткеннен кейін, сол кісілермен қайтып жұмыс жасауды ойладым”, – дейді Ерке.

Ерке Есмахан бұл композицияның халықтың көңілінен шығатынына сенімді. Өйткені оны өзі таңдаған.

“Көңілді ән. Өйткені оны лирикамен айту мүмкін емес. Сондықтан сол стилистикадан ауытқымай, көңілді әдемі ән шығардым. Өзім таңдап, өзімнің талғамыммен жасалған ән”, – дейді Ерке.

Түсірілім кеше аяқталғанымен, Ерке бейнебаянның не жайлы екенін білмейтін болып шықты.

“Бұл клиптің сюжетін нақты айта алмаймын қалай болатынын. Өйткені “Қайданы” түсірген режиссер Тимур Дулатов және оператор Азамат Дулатовтың ойлап тапқан дүниелері бар екен”, – деп түсіндірді Ерке.

Айтпақшы бұл туындыда Еркеден басқа басты кейіпкер болмайды.

“Егер басты кейіпкерді тапсам, бұл ән шықпас еді. Басқа ән шығатын еді “мен бақыттымын” деген сияқты.. Әзірге іздеу үстіндеміз”, – дейді Ерке ағынан жарылып.

Еркенің жаңа клипі 1-2 аптаның ішінде жарыққа шығады.

Жіберіп алмаңыз:

“Қалаулым” қатысушысы Замира: Енді үйі мен көлігі бар бай жігітке ғана тұрмысқа шығамын

Сәкен Майғазиев: Өнер мектебін елден қалмайын деген ашкөздікпен ашқан жоқпын

Төреғали Төреәлі Алматы төрінде дүркіретіп той жасады (видео)

Ернар әріптестерінен қалмай, әйелі жайлы толық ақпаратты өзі берді (видео)

Талқылау