Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан күйеуге шығатынын мәлімдеді

“Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ” деп бүкіл Қазақстанға іздеу салған Ерке Есмахан сүйіктісін тапқан сыңайлы. Әнші күйеуге кететінін мәлімдеді.

20838919_1287163951394715_5491437239252549632_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бәрін бақылап, бәрін оқып, бәрін ескеріп, бәрін көріп отырмын! Өмір-ай өмір, өтесің де кетесің бір-ақ сәтте! Адам боп туу-анадан, ар жағы кім боп кететінің-өз қолыңда! Жан жағымда боп жатқан көп нәрселер жүйкемді жұқартты! Кетем мен күйеуге! (Ол жақта проблема аздай дешиш”, – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

Өз кезегінде желі оқырмандары Еркені құттықтап, бақыт тіледі. Көпшілік тұрмыс құрғаннан кейін де әншіні сахнадан көруден үмітті екендерін айтты.

Есте болса, күні кеше әнші “Қайда?” әнінің жалғасын шығаратынын хабарлаған болатын. Ол ендігі әннің “Таптым, бар-бар” деген мәнде болатынын айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев “немерелі” болды

Ерке Есмаханның сәби күнгі суреті желіні шулатты

Айдарбекова Қайратты шетелде танытудың жолын тапты

Гүлзира Айдарбекова жаңа келіні жайында бар шындықты ашып айтты

Талқылау