Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан допинг дауын көреалмаушылықпен байланыстырды

Әнші Ерке Есмахан жуырда допинг дауына ілінген Илья Ильинге қолдау білдірді.

image

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) Олимпиада ойындарында допинг қолданды деп күдікке алынған спортшылардың қан сынамаларын зерттеп, қорытындысын жариялады. Аталған тізімге 2012 жылғы Олимпиада ойындарында еліміздің абыройын асқақтатқан спортшылар Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедова енген.

Десе де, жанкүйерлері бұл ақпаратқа сенбейтіндіктерін айтып, сүйікті спортшыларын әрдайым қолдайтындықтарын жеткізді. Олардың арасында Ерке Есмахан да бар.

“Илья Ильин мен ауыр атлетші қыздардың допинг пайдаланғаны үшін жарыстардан шеттетілгені туралы xабар бәрінің көңілін түсіріп жіберді. Менің де.  Бұл әрекеттерінің астарында не жатқаны менің ақылыма тіптен сыймайды. Тек Ильин сияқты чемпионға сенетінімді білдіремін!” – дейді Ерке Есмахан.

1

Ары қарай мұндай ақпараттың көреалмаушылықтан таралып жатқанын айтқан.

“Тек мен емес, барша қазақ xалқы Ильяның жағында! Әр жарыста рекордты жаңартып отыратын нағыз чемпион адамдардың әлгі допинг тексерушілердің қызғанышын туғызған шығар. Адамдар арасында аяқтан шалу, көре алмаушылық сияқты қасиеттер болмаса, бұл өмірде соғыс, лаңкестік, қылмыс азаюшы ма еді?!” – дейді Ерке Есмахан .

Әншінің бұл сөздерін тыңдармандары да қолдай түскен. Олар да мұның әдейі жасалған ақпарат екенін тілге тиек етіп отыр.

Қазақстандық спортшылардан бөлек, ресейлік Апти Аухадов, әзірбайжандық Боянка Костова, украиналық Юлья Калина, беларус Дина Сазановец, Евгений Жерносек пен Марина Шкерманкова енген.

Әзірге қауымдастық спортшылардың есімдері мен қандай тыйым салынған препарат қолданғанын жариялағанымен, қандай шешім қабылданатыны туралы айтпаған.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан екінші рет тұрмысқа шықпақ

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Ерке Есмахан миллионыншы оқырманына бір көйлегін сыйлауға уәде етті

Ерке Есмахан “асығыс” түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

Талқылау