БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерке Есмахан 15 мың доллар: Қазақ әншілері жаңажылдық кеш үшін қанша ақша алады

10 000 доллар, элиталы қонақ үйдің VIP номері, көмекшісі мен өзіне бизнесс-класста ұшу билетінің құны тағы бар. Жаңа жылдық коорпоративтегі әншілердің райдері бұл. Құдды бір, отбасылы мереке отандық эстрада жұлдыздарының негізгі табыс көзіне айналғандай.

Ерке Есмахан 15 мың доллар: Қазақ әншілері жаңажылдық кеш үшін қанша ақша алады

Қаламақылары геометриялық прогрессияда өсетін шоу-биз өкілдерінің басқа қандай талаптары бар? Бәрінен артық, құнын еселеп қоятын әншілер кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жаңа жылға екі аптадай ғана уақыт қалды. Демек, мерекелік концерттер мен шулы коорпоративтердің ауылы алыс емес деген сөз. Оны шоу-бизнес өкілдері де жақсы біледі. “Тіпті, 31 желтоқсан күні жұмысқа шақырса да, еш қарсылығымыз жоқ” дейді олар.

«Іс-шарадан біз қалмаймыз ешқашан. Өйткені бізге енді, әртістер 1 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейін әрине жұмыс, жұмыс және жұмыс. Ол ақша» – дейді әнші Қайрат Баекенов.

«31 желтоқсан күні жұмыс жасаймыз. Халыққа өлең айтамыз. Әндетеміз, көңілдерін көтереміз. Біздің міндет, халыққа қызмет деп айтып жатады ғой. Рас. Өйткені халықтың көңілін көтеру үшін. Әр жылы осылай өтіп жатыр» – дейді әнші Дос.

«Міндетті түрде әнші осындай мерекелерде, менің ойымша, Жаңа жыл болсын, басқа да мереке болсын, сахнада қарсы алу керек. Өйткені ол – өнер адамы» – дейді әнші Мәдина Сәдуақасова.

Ал «Спарта» КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов болса, коорпаративтен де, концерттен де әбден шаршадым дейді. Сондықтан…

«Жаңа жылды мен өз отбасымен бірге баламның, қызымның қасында әйелімнің жанында қарсы алатын боламын. Өйткені мен 10 жыл бойы үйде болған жоқпын. Міндетті түрде 31 желтоқсан күні жұмыста болатынмын» – дейді «Спарта» КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов. Халықтың еркелерін мерекеге шақыру арзанға түспесі анық. Бағаларын білу үшін, ғаламтордың көмегіне жүгіндік. Тіпті, өздеріне хабарластық. Түйгеніміз: Жаңа жылда жұлдызбен бірге қарсы алғыңыз келсе, біраз ақшадан қағылуға дайын болыңыз! – 5 000 доллар.

– Ішіне сонда не кіреді?

– Ештеңе кірмейді.

-Қонақүй, ұшақ бізден иә сонда?

– Иә. 31 желтоқсан күні 7 000 доллар болады.

-Бізде ол күні екі есе баға болады. Бізде 20 000 доллар болады ол.

– Қанша минут сонда?

– 15-15 минуттан екі выход немесе 25-30 минут бір блок.

«Әншілерге бөйтіп ақшаны шығару тым бекер нәрсе ғой деймін. «Шетелдік әншілер, олардың ставкалары одан да көп. Мысалы мен сізге айтайын, кезінде Павлодарда Цикало мен Ургант келген. Олардың ставкалары 70 000 евро» «Қымбат қой. Енді әркім өзі біледі ғой қазір» «Ол ақшаны басқа балалар үйіне мүмкін, кіге қажет соған беруге болады, бірақ жұлдыздарды шақырмаймын».

Ұшақ билеті мен конақ үй бағасын қоспағанның өзінде, Жаңа жылдық коорпоративке шығу үшін Ерке Есмахан 15 000 доллар, хайп жасаудан алдына жан салмайтын Төреғали Төрәлі мен Мақпал Исабекова 8 000 доллар, ал экс-кешьюлік Жанар Дұғалова мен Мәдина Сәдуақасова – 7 000 доллар сұрайды. Бір қызығы, былтыр 10 000 доллардан кемге шықпаған, Қайрат Нұртас биыл өнері үшін 5 000 долларды қанағат тұтып отыр екен. Соған қарағанда халықтың жағдайын түсінген болар. Осылайша, жұлдыздар 20 минуттық өнері үшін қарапайым адамның бір жыл тынбай еңбектенгенде табатын табысымен тең алады. Ал кейбірі тұтас бір ауыл тұрғындарының жалақысын қосқандағы шығатын соманы бір ән айтқаны үшін ғана қалтасына басады. Жаңа жыл ғажап пен сиқырдың уақыты деп осыған қаратып айтылған ба деп қаласың.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр