Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерке Есмахан бұрынғы продюсерлерімен байланысын үзген

Жақында ғана Мөлдір Әуелбековамен татуласқан Баян мен Бағым Мақсатқызы Ерке Есмаханмен байланысын үзген. Бөлек кеткелі бері әнші экс-ұстаздарына хабарласпайды. Продюсерлер де экс-шәкіртіне қоңырау шалуға құлшынып отырған жоқ. 

Ерке Есмахан бұрынғы продюсерлерімен байланысын үзген

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

Еркенің продюсерлерден кеткеніне үш жылдан асты. "Еншісін алып", бөлек кеткен соң жарыққа шығарған алғашқы туындысы - "Қайда?". 

Соңғы үш жылда Есмахан продюсерлерінен еншісін алып, жеке дара шыққан-ды. Содан бері ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасы да өзгерген.

"Сөздің шыны керек, біз кездеспейміз. Құрбылар да емеспіз. Ерке бар болғаны біздің жобамыз. Кезінде де тек жұмысқа қатысты тақырыптарды талқыға салатынбыз. Мен оның музыкалық продюсері болдым. Сондықтан, біздің арамызда қазір қарым-қатынас жоқ! Оның өз өмірі бар, менің өз өмірім өзімде", - дейді Бағым Мұхитденова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр