Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еріктілер тобы Алматы облысында жоғалған қыздың табылғанын хабарлады

Жоғалған қыздың суретін Константин Авершин есімді ерікті азамат өзінің әлеуметтік желі парақшасында жариялады.

^1078959D22FEF82F545CE83B7CAD571F8009BB3FCD9472E9C9^pimgpsh_fullsize_distr

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды.

Оның айтуынша,  Айзада Авлатароваға психологиялық тұрғыда көмек керек екен. Аталған оқиғаға жауапты адам ұсталды.

Жоғалған қыз Қапшағай қаласынан табылған.

Айзада Авлатарованың туыстары оны ұрлағандарға қызды дін аман қайтаруларын сұрап, қайтарса үстерінен ешқандай да арыз жазбайтындарын, істі тыныш жабатындарын айтып БАҚ арқылы үн қатқан болатын. Телеарна жаңалықтарында сөйлеген жақындарының бірі полиция тарапынан әлі нәтиже жоқтығын да жеткізген.

Бұған дейін еріктілермен бірге полиция да елді-мекендер мен саяжайларды тінтіген. Бейнебақылау камераларының көмегімен Жетігеннен Қапшағайға бет алған көліктерді және ұялы байланыс детализациясын тексерген. Соған сәйкес, «Медицина және оқу ғимараттары, интернет-кафе, әуежай, теміржол вокзалы және автовокзалдар тексерілген. Таныстары мен куәгерлерден жауап алуынып, тергеу мәліметі бойынша, қыз отырып кеткен автомобиль анықталған болатын.

Қызды іздеуге Кербұлақ, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының және Қапшағай қаласының 350 полицейі жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен еді. Ол такси тоқтатып, көрші ауылға кетпек болған.

Кеше жоғалған қыздың табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Алайда, ол ақпарат жалған болып шықты.

Талқылау