Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еріктілер Павлодарда жоғалып кеткен шаруа қожалығы иесінің баласын тапты

Төрт тәулік бойы іздеген 35 жастағы Павлодар облысының тұрғыны Максим Асановты еріктілер тірі күйінде тапты.

20160531_07_53_08_60949

Сурет total.kz

Бұл туралы аудандық мәслихат депутаты Дмитрий Корепанов өзінің Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

Асанов 27 мамыр күні сағат түнгі 11 шамасында отбасылық шаруа қожалығы орналасқан Новочерноярка ауылындағы үйінен шығып кетеді. Бұдан соң ол ауылға қайтып келмеген, Павлодардағы пәтеріне де бармаған. Отбасы оның жоғалғаны туралы тек дүйсенбі күні полицияға хабар береді. Сол күні Павлодардың солтүстік аймағынан Асановтың автокөлігі табылады. Мамандар оның көлігінен қандай да бір төбелес пен қанның ізін таба алмады.

“Максим Асановты еріктілер тірі күйінде тапты. Туыстарының, достарының, жеке өзімнің атынан Максимді іздеуге атсалысқан баршаңызға алғыс білдіремін. Іздеу жұмыстарына күн бойы 500-ге жуық адам мен 100 көлік жұмылдырылды. Максимнің тез арада сауығып кетуін тілейміз”, – деп жазды депутат.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша Асанов жартылай бұзылған жатақхана ғимаратынан табылған. Ол тірі, бірақ қазір ауруханада жатыр.

Талқылау