Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еріктілер Айдағы өмірге дайындалып жатыр

Қытайда Айдағы өмірді толығымен қайталайтын тәжірибе жүргізілуде.

Айдағы-өмір

Қытайда төрт студент Айдағы өмірді толығымен қайталайтын тәжірибеге қатысады, деп жазады РИА Новости CGTN телеарнасына сілтеме жасап.

Тәжірибе Бэйхан Қытай мемлекеттік техникалық университетінің “Юэгун” арнайы зертханасында өткізіледі. Еріктілер аумағы 160 шаршы метр кабинада 200 күн өмір сүруі тиіс.

Тәжірибеге қатысушылар 42 шаршы метр үйде тұрады, ал кабинаның қалған аумағында өсімдік өсіретін “бақша” болмақ.  Аумақта мал қора мен қалдықтарды қайта өңдеуден өткізетін жер бар.

Тәжірибенің бірінші кезеңі біткен соң, бірден екінші кезеңі басталады, ол 105 күнге созылады.

Оқи отырыңыз:

Көмірдей қара қыз ерекше келбетімен ғаламторда жұлдызға айналды (фото)

Қасқырлардың сирек кездесетін түрі: Олар мұхитта тіршілік етіп, суда еркін жүзеді (фото)

27 жастағы екі қыздың денелері ортақ (фото)

 

 

 

Талқылау