Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерік Тәстембеков пен Санда «Сұп-сұлу» бейнеклипін әжуалады (видео)

Қазан айының басында жарық көрген Серік Гамза-заденің «Сұп-сұлу» бейнебаяны хитке айналды десек артық болар. Десе де, 20 күннің ішінде туындыны 150 мыңға жуық адам тамашалапты. Жаман емес. Осы уақыт аралығында бейнеклипті сынап даттағандар да, мақтап жақтағандар да баршылық. Серіктің продюсері Ерік Тәстембеков пен оның қарамағындағы әнші Санда аталмыш бейнебаянға пародия жасады. Тек хикаяны аздап өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz.

санда тастембеков

Серіктің бейнебаяны бойынша, жас жігіт Украина астанасында бейтаныс арумен соқтығысып, оған бір көргеннен ғашық болып қалады. Соқтығысып қалған кезде бойжеткеннің төлқұжаты қолынан түсіп кетеді. Сол сәтті ұтымды пайдалана білген Серік оның есімін білмекші болады. Оның бұл қылығын түсінбеген ару: «Қажет болса кез келген жерден тауып аласың» деп бұрылып кетіп қалады. Серік те айтқанынан қайтпай, өзі сүйіп қалған бойжеткеннің артынан өзге елге аттанып, ақырында көздегеніне жетеді. Яғни, қызды өз дегеніне көндіреді.

Серіктің продюсері Ерік Тәстембеков пен әнші Санда оқиғаның басталар тұсын өзгертті. Екеуі соқтығысып қалған кезде Санда өзін Батумиден табуға болатынын айтады. Ал Тәстембеков мырза бір аруға бола өзге елге баратындай ақымақ емес екенін іс-әрекетімен аңғартады.

Желі қолданушылары «Сұп-сұлу» бейнебаянының жаңа нұсқасына оңды бағасын берді.

Жіберіп алмаңыз: 

Жолдасов өзінің қызын Еркемен салыстырғандарға жауап берді

Мәдина Сәдуақасова екі көзі көрмейтін әнші қызға продюсер болмақ (видео)

Әкесі Төреғалиге Ерке Есмахан үшін ренішті екенін айтты

Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)

Талқылау