Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ересектерге үлгі боларлық екен": Ыдыс жуған миллиардер Марк Цукербергтің қыздары жұртты тамсандарды

Миллиардер Марк Цукербергтің бөліскен қыздары туралы видеосы жұртқа ұнап қалды. Көпшілік бүлдіршіндердің ересектерге үлгі болуға лайық екенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан бүгінде екі баланың атан-анасы. Тұңғыштарының есімі – Максим, ал кенжесі - Августа. 

Цукерберг желідегі парақшасында отбасылық суреттерін жиі бөлісіп отырады. Бірде әйелінің соңғы 7 жыл ішінде 8 рет түсік тастағаны туралы жазған болатын. Яғни жас жұбайлар екі қызын асыға күтті десек те болады. Жуырда ол екі қызының бір-біріне қалай көмектесіп жатқаны туралы видеоны бөлісті.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде оларға сүйсіне қарағанын жазып жатыр. Арасында «Суды көп құртып жатыр ғой» деп әзілдегендер де болды.

«О, жігітім, қыздарың кішкентай болса да, саған көмектескенді жақсы көретін сияқты. Қазірдің өзінде осылай жасап жатса, ертең не боларын тіпті айта алмаймын», «Марк, мен өз балаларымды сенің үйіңе жіберсем бола ма? Олар – 6, 10, 13 жаста. Сенің қыздарыңнан біраз нәрсе үйренеді деп ойлаймын», «Марк, сен мұнда қандай сиқыр қолданып жатқаныңды айтшы. Ата-аналардың бәрі білуі тиіс», «Бөліскенің үшін рахмет! Олар неткен сүйкімді еді» деп жазды желі қолданушылары.

 

Ал, Сіз құрметті оқырман, балаларыңыздың неше жастан бастап үй шаруасына араласқанын қалайсыз? Миллиардер болсаңыз, қыздарыңызға осылай ыдыс жуғызар ма едіңіз?

Талқылау