Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше емдеу әдісі: Арықтап құбыжыққа айналған қызға дәрігер қорқынышты фильмге түсуге кеңес берді

26 жастағы Кристина Корягинаның салмағы 17 келіге дейін түсіп кетті. Ол жүйке анорекциясына шалдыққан. Көп емхана оны емдеуден бас тартты.

Кристина барлық нәрседе алда болғысы келді. Мектепті алтын медальға бітіріп, екі қызыл диплом алды. Ал, қазір кез келген жағдайда өліп кетуі мүмкін екенін білсе де, тамақты аузына алғысы келмейді.

Дәрігер алдына да әрең барады. Өйткені, жылыда отырса да, дірілдеп жаурай береді.

Ресейдің еңбегі сіңген дәрігерінің әдісі біреуге ерсі көрінуі мүмкін. Ол науқас қызға ерекше ұсыныс айтты. Айтуынша, емханаға жатқызып дәрі бере бергенше, өз дертіне өзі күліп қарайтындай жағдайға жеткізу керек.

«Сен қорқынышты фильмге түсуді ойлап көрдің бе? Мәселен, мәйіттің тірілуі деген сияқты. Сен қабірден шығып, жүріп кетер едің. Сен өз дертіңе күле қарауың керек. Мазақтауың керек», – дейді дәрігер Ян Голанд.

Кристина Корягина Барнаулдан Нижний Новгородқа келді. Жолына желі қолданушлары қаражат жинап берді. Қолдаушысы анасы қызы жазылып кетеді ден сенеді.

Дәрігер қызға басқаша әдіспен ем жүргізетінін айтты. Ол 26 жастағы науқас қызды жас балаша алдап, шоколад жеуге әрең көндірді. Бастысы жүзінде күлкі пайда болды дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау