Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ерекше байланысты» сездік: Бейтаныс қызға өз қанын берген ер адам бірнеше жылдан кейін оған ғашық боп қалды

Қытайда ер адам бейтаныс қыздың өмірін құтқару үшін өз қан тапсырған. Арада бірнеше жыл өткеннен кейін ол сол қызбен кездесе бастады.

«Ерекше байланысты» сездік: Бейтаныс қызға өз қанын берген ер адам бірнеше жылдан кейін оған ғашық боп қалды

Бұл туралы  Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz жазады.

Тайваннің  Синьчжу қаласының тұрғыны Линь Сяофэнь 2008 жылы жол апатына ұшыраған. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін шамамен 5 литр қан мен тромбоциттік концентрат құюға мәжбүр болған. Нәтижесінде Линь тірі қалды. Алайда ол коагулопатия, яғни қанның ұюының бұзылуы дертіне шалдығады. Сондықтан оған араға уақыт салып қан құйып тұру керек. 2011 жылы ол тағы да ауруханаға түсіп қалған. Сол кезде донордың қаны оның өмірін құтқарды.

2017 жылы бойжеткен басқа қалаға көшіп, Лянь Чжичэнмен танысады. Ер адам тұрақты түрде қан тапсырады екен. Олар тез тіл табысып, кездесе бастаған. Олар әу бастан араларында «ерекше байланыс» барын сезгенін айтады.

Бірде Линь жігітіне өзінің денсаулығына қатысты қиындықтар туралы айтқан. Сол кезде ер адам өзінің де 2011 жылы қан тапсырғанын айтыпты. Бәлкім, мен сенің өміріңді құтқарып қалған болармын, деп әзілдепті ол.

Артынша Лянь ауруханаға барып, донорлық құжаттан өзінің қаны кімге құйылғанын анықтапты. Сол кезде расымен де оның қаны сүйіктісіне құйылған болып шыққан. Ер адам қайран қалып, көпшілікті қан тапсыруға шақырды.

«Сол кезде болашақ жұбайыңыздың өмірін құтқарып қалу мүмкіндігі пайда болады», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр