Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоғанның Путиннен кешірім сұрамағаны белгілі болды

Түркия президенті Кремльге хат жазып, тек қайтыс болған ұшқыштың отбасына көңіл айтыпты. Елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым да атып түсірілген ұшақ үшін өтемақы төленбейді деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

erd700

Сурет interfax.ru

Еске салсақ, былтыр қараша айында Түркия қарулы күштері Сирияда жүрген ресейлік бомбалаушы ұшақты шекараны бұзды деп атып түсірген болатын. Осыдан соң екі ел арасы суып кеткен. Ал бірер күн бұрынғы Түрік басшысының Путиннен кешірім сұрауын Түркия тарапы теріске шығарды. Әйтсе де, негізгі туристерінен айрыла бастаған Түркия тарапы арақатынасты қайта орнатуға талпынып жатыр.

Сондай-ақ, Бинали Йылдырым ресми Анкара мен Кремльге араағайындық жасағаны үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзірбайжан басшысы Илхам Әлиевке алғыс білдірді. Ал Режеп Ердоған Ресеймен арадағы қарым-қатынастың реттелетініне әлі де сенеді.

“Президент Путинге жазған хатымда болған оқиғаға қайғыратынымызды және бұдан әрі аймақтық әріптестігімізді жалғастыру жөнінде еске салдым. Менің ойымша, екі жаққа да кері әсерін тигізетін мұндай жағдай артта қалып, біз өзара байланысымызды қалыпқа келтіреміз деген ойдамын”, – деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Талқылау