Ердоғанды мазақ еткен неміс сатиригі сотталуы мүмкін

Сенбі, 9 Сәуір , 2016 22:50

Германияның тележүргізушісі және юморист Ян Бемерманн түрік президенті Реджеп Тайип Ердоғанды өлеңмен мазақ еткені үшін сотталатын болды.

08-04-16-bemmerman

Сурет vesti.ru

Бұл туралы vesri.ru хабарлады.

Өлең 31 наурыз күні ZDF телеарнасының «Neo Magazin Royale» хабары эфирінде оқылды. Осыған байланысты енді Мйнц қаласының тележүргізушісі үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Түркия билігі неміс телеарнасында айтылған қалжың өлеңді өте ауыр қабылдады. Олар мұны түрік президентінің «жеке басын қорлау» деп бағалады. Сәуірдің 1-і күні өлеңнің жазбасы ZDF желілік кітапханасының қорынан алынып тасталды. Себебі, шенеуніктер бұл туындыны «сатира өлшеміне үйлеспейді» деген қорытындыға келді.

Енді сот Ян Бемерманнға өзге мемлекеттің билік органы басшысын қорлады деген айып тағылуы мүмкін. Егер тележүргізуші айыпты деп табылса, ол үш жылға дейін түрмеде отырады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар