Ердоған Ыстамбұлда көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды (видео)

Сенбі, 26 Желтоқсан , 2015 17:17

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

photo_23186

Бұл туралы Daily Sabah хабарлады.

Басылым жариялаған видеожазбада Ердоғанның кортежінің суицид жасағысы келген ер адам тұрған көпірде тоқтағаны көрінеді. Кортежді тоқтату туралы бұйрықты Ердоғанның өзі берген. Президенттің көмекшілері ер адаммен сөйлесіп, онымен Ердоғанның әңгімелескісі келетінін айтады. Осыдан кейін ер адам Түркия басшысы отырған көлікке жақындайды. Видеодан өзін-өзі өлтіргісі келген адамның Ердоғанмен бірнеше минут сөйлескенін көруге болады. Осыдан кейін ер адам Ердоғанның қолын сүйеді.

Ал РИА Новости көпірден секірмек болған ер адамның Түркияның оңтүстік шығысындағы Сиирт қаласының тұрғыны екенін хабарлады. Везир Чатраштың отбасылық жанжалдан күйзеліске ұшырап, суицид жасауға оқталғаны белгілі болды. Чатраш көпірдің қоршауынан өтсе де секірмеуге бел байлапты. Төтенше оқиға орнына полиция келді. Ал дәл осы уақытта бұл көпірден жұма намаздан қайтып бара жатқан түркия президенттің кортежі өтіп бара жатыпты.

Агенттіктің мәліметінше, Түркия президенті шенеуніктерге осы ер адамның басындағы мәселені шешіп беруге және қажетті көмек беруге тапсырма беріпті. Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға сеніңкіремеді. Олар бұл оқиғаны қасақана құрастырылған деп айыптап отыр. Ал Чатраштың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында оның Түркияның билеуші партиясын жақтаушы екені айтылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар