Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоған ресейлік Су-24 ұшағына атып түсіруге мәжбүр болғандарын түсіндірді

Тайып Ердоған түрік әскерилерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруге мәжбүр болғанын айтты. Оның сөзінше Түркияның әскери әуе күштері қатерге байланысты шаралар ережесі бойынша  әрекет еткен. Бұл туралы РИА жаңалықтары хабарлады.

685452741.jpg111

“Біз бұны әдейі істемедік, бірақ Түркияның өз шекарасын қорғауына деген құқығын өзгелер де  құрметтеуі керек. Белгісіз әскери нысан біздің әуе кеңістігімізге кіріп кетті, бес минуттың ішінде оған он ескерту жасалды, бірақ олар тыңдамады. Біз қатерлерге қатысты әрекет етуді бұрынрақ  жария етіп, қабылдаған ереже бойынша қатаң түрде әрекет етуге шешім қабылдадық”, – деді Түркиядағы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент Ердоған

Түрік президенті өз елінің авиация шабуылынан бейбіт тұрғындары Түркиямен шекараға қарай ығысуға мәжбүр болған сириялық түркмендерге жасалған шабуылды айыптайтынын айтты.Оның сөзінше, Түркияның қайсыбір елге қатысты қандай да бір жаугершілік ниеті жоқ.

“Мен мәселенің мән-жайына бармаймын. Бірақ мен одақтас елдерден алған бағалаудың бұған дейін Түркияның келтірген мәліметімен сәйкес келетінін мәлімдей аламын”, – дед бас хатшы. Алайда Столтенберг альянстың Су-24 ұшағының қалай құлатылғаны жайлы мәліметін ашып айтпады.

Айта кетейік, Түркия СІМ осы оқиғадан бірнеше күш бұрын Мәскеуді Сирия-Түркия шекарасында әскери операцияларды доғаруын сұраған болатын. Ведомство Ресейдің Анкарадағы елшісін шақырып, жиі жасалатын әуе соққыларына қатысты наразылық танытқан еді.

Ал Ресей жаға болған жағдайға байланысты өз зерттеуін жүргізуді қолға алғаны жайлы айтқан едік. Су-24 ұшағының апаты кезінде  бір пилоттың ұштыкүйлі жоғалғаны жайлы хабарлаған едік.

 

 

 

Талқылау