Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоған оққа ұшқан Су-24 ұшағы үшін Путиннен кешірім сұрады (видео)

РФ Президенті Владимир Путин Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жолдауын алды. Онда түрік басшысы Су-24 ұшқышының қаза болуына байланысты жағдайды реттеуге мүдделі екенін білдірген.

шлшл

Сурет ru.krymr.com

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Кремлдің баспасөз қызметі хабарлағандай, жолдауда Ресей Түркияның досы әрі стратегиялық серіктесі екені, түрік билігі екі елдің қарым-қатынасын бұзғысы келмегені аталып өткен.

“Бізде ешқашан Ресей Федерациясының ұшағын атып құлатамыз деген ниет те, ой да болмаған. Біз барлық тәуекелді өз мойнымызға ала отырып, ресейлік ұшқыштың мәйітін Сирия жерінен Түркияға алып келдік. Жерлеу алдындағы рәсімдер діни және әскери жоралғыларға сай ұйымдастырылды. Бұл жұмыстың барлығын жоғары деңгейде өткіздік”, – дейді Ердоған.

Ердоған қаза болған ресейлік ұшқыштың отбасына қайғырып көңіл айтты.

“Кешірім сұраймын. Қайғыларыңызға ортақпын. Ресейлік ұшқыштың отбасын біз түрік отбасы ретінде қабылдаймыз. Келтірілген шығынның зардаптары мен салмағын жеңілдету үшін кез келген бастамаға дайынбыз”, – деп жазылған құжатта.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 24 қарашасында Түркия ресейлік Су-24 әскери ұшағын елдің әуе кеңістігін бұзғаны үшін атып түсірген болатын.

Оқи отырыңыздар:

Түркия Су-24 ұшағына өтемақы төлемейтінін мәлімдеді

Ресейлік СУ-24 ұшағын басқарған Олег Пешковтың неден қаза болғаны анықталды

Ердоған ресейлік Су-24 ұшағына атып түсіруге мәжбүр болғандарын түсіндірді

Талқылау