Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердоған Назарбаевты алтын түстес сарайында қарсы алды

Қазақстан президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының басқосуына қатысу үшін Түркияға арнайы барды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

4564

Сурет akorda.kz

Ердоған мен Назарбаев Түркия президентінің сәулетімен таңқалдыратын Стамбұлдағы резиденциясында кездесті. Алтын түстес сарайдың ішінде алтын таққа отырған Қазақстан мен Түркия президенттері экономикалық байланысты жандандыру жөнінде келіссөз жүргізді.

ердоған1

Сондай-ақ Елбасы Стамбұлда Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысып, баяндама жасайды деп күтілуде. Мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған ұйымға 60 ел мүше. Соңғы ушыққан геосаяси жағдайларға байланысты, басқосуда маңызды мәлімдемелер жасалуы мүмкін.

ердоған

Талқылау