Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстан парламент сенаты Ұлттық банк төрағасы қызметіне Ерболат Досаевтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ерболат Досаев Ұлттық банктің төрағасы болып тағайындалды

“Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдады. Елбасының тапсырмасымен, мен Ұлттық банк төрағасына ұсынылған кандидатураны мақұлдауға келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде Ерболат Досаевты ұсынып отыр. Ол қызмет барысында өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете білді. Мен оның тағайындалуына рұқсат беруіңізді өтінемін”, – дейді президент әкімшілігінің төрағасы Әсет Исекешев.

Сенат депутаттары Досаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бұған дейін, Данияр Ақышевтің отставкаға кеткені жөнінде жазған едік.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр