Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Досаев: 2016 жылы “жұмыс істемейтін” несие берушілерді есептен шығарамыз

Үкімет 2016 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істемейтін несие беруші екінші деңгейлі банктерді тізімнен шығару туралы шаралар қарастырды.

????????????????????????????????????

Бұл туралы сейсенбі күні Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үкімет отырысында мәлімдеді.

“Аталған шара елбасының 30 қарашадағы халыққа Жолдауында Ұлттық банкке тапсырылған болатын. 2016 жылдың қыркүйегіне дейін қаржы секторының тұрақтылығын сақтау үшін барлық жұмыс істемейтін несиеберушілерді сынақ нәтижесі арқылы есептен шығару шаралар қарастырылады”,- деді Ерболат Досаев Үкімет пен Ұлттық банктің 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жобасы жөніндегі үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша зейнетақы қорын көбейту мақсатында 2016 жылдың наурызына дейін өзге де жұмыстар жүргізіліп, 2016 жылы зейнетақы қорын жеке қазақстандық басқармалар немесе шетелдік компаниялар бақылауына жіберу көзделіп отыр.
” 2016 жылы Ұлттық банктің бақылауымен БЖЗҚ тағайындалып, жұмыс істемейтін несие беруші қорлар, өзге де қаржы институттары бақылауда болады”, – деді министр.

Сондай-ақ, 2016 жылы экономиканы долларсыздандыру мақсатында Ұлттық банк үкіметпен біріге отырып, корпоративтік нарықтық құнды қағаздардың дамуын ескеріп, қаржы құралдарын теңгемен бағалау, жарнамалардағы тауар бағасы мен қызметін, ел аумағындағы сатылымдардың тек ұлттық валютамен есептесу талаптарын енгізеді.

Талқылау