Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Беделханның жұбайын өз қызметкері бопсалады

Ерболат Беделханның жұбайы Асыл Айдар бүгінде қыздардан құралған Juzim тобының продюсері. Асыл бұған дейін күйеуінің продюсерлік орталығынан бөлек кеткенін айтқан болатын. Жеке жұмысын бастаған Асыл келеңсіз жайтқа тап болды. Оны өзінің бұрынғы қызметкері бопсалауда, деп жазады Stan.kz.

Ерболат Беделханның жұбайын өз қызметкері бопсалады

Juzim тобының желідегі парақшаларын жүргізген әкімші жұмыстан кеткен соң, парақшалардың паролін ауыстырып, ол үшін ақша талап еткен.

“Өкінішке орай, біз бұрын жариялаған Juzim-нің Instagram – @juz1m, YouTube – Juzim tv, VK- juzimusic, Twitter- Juzim6, Telegram- Juzimusic әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары енді бізге тиесілі емес екендігін хабарлаймыз. Juzim-нің әлеуметтік желілеріне ақпаратты шығарумен айналысқан компанияның бұрынғы қызметкері парольдерді ауыстырып, бопсамен ақша алу мақсатын көздегендіктен іс құқықтық қорғау органдарына тапсырылды”, – дейді Асыл Айдар.

Продюсер топ тыңдармандарын мұңаймауға шақырды. Ол бұрынғы парақшалардан шығып кетуді өтінді.
“Дегенмен, еш мұңаймаңыздар! JUZIM-нің бұрынғы парақшаларынан шығуларыңызды өтінеміз. Барлықтарыңызды Juzim-нің жаңа ресми парақшаларында @Juzim.resmi және YouTube-та JUZIM каналында күтеміз!” – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау