Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Беделхан өнер мектебін ашты

Атышулы Ninety one тобының продюсері, «Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан өнер мектебін ашты.

беделханерболат_1

«Өнер мектебін ашу бала күнгі арманым болатын. Соған қол жеткіздім», – деді Беделхан Гәкку телеарнасына берген сұхбатында.

Беделханның мектебі заманауи стильде ән айтып, билеп үйренгісі келетін, рэп жанрын меңгергісі келетін жастарды жинап жатыр. Өкінішке қарай, орын саны шектеулі.

Мектепке жазылу ақылы болғанымен, нағыз таланттарға продюсер грант бөлімінде оқуға мүмкіндік бермек.

«Басында 10 жастан бастап ала беремін деп ойладым. Алайда ауқымымыз кең емес, сондықтан көп адам қабылдай алмаймын. Сол себепті 13-14 жастан бастап қабылдайтын болдым. Кімде кім өзінің өнерлі екенін көрсетіп дәлелдесе, сол кезде ол ақы төлемейді, керісінше мен оны өз қанатыма аламын», – деп мәлімдеді Беделхан.

Орталықтың ашылуы 2 желтоқсан күні болып өтті. Бұл күні «Ninety one» тобының солистері келушілерге қызмет көрсетіп, дәмханада даяшының қызметін атқарды.

Жіберіп алмаңыз:

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Қайрат Нұртастың костюмін киген жеткіншек қуанғанынан әншіні құшақтап алды (видео)

Түркия әншісі Бурай: Отбасым бар, бірақ қазақ қызынан тоқал алғым келеді

Меруерт Түсіпбаева Алматыдағы молдалардан көңілі қалғанын айтты

Талқылау