Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерасылдың анасы: Менің ұлым ешнәрсеге кінәлі емес еді, мен енді ешкімге сенбеймін

Ерасыл Әубәкіровтің анасы енді ешкімге сенбейтінін, тек құдайдан үміт күтетінін айтты.

71662cd724570c3bac0e20381cc70bbb_XL

Бұл туралы ИА NewTimes.kz хабарлайды.

«Қарсы болсын, жақтас болсын олар бәрін өздері шешті. Менің ұлым ешнәрсеге кінәлі емес. Аянды босатқан соң мен енді ешнәрсеге де сенбеймін. Ұлымды өлтіргені менің жаныма батады. Еш кінәсіз оны өлтіріп тастады. Мен онымен мақтанатынмын. Ол нағыз патриот, ер азамат болды. Аянның ата-анасы менімен сөйлескен емес. Бұл оқиғаның ашық өткенінің ешқандай маңызы жоқ. Мен тек құдайдан үміттімін. Бізді жібермеді, яғни мұның бір себебі болып тұр. Құдай куә», – деп ашынады Ерасылдың анасы Кенжегүл Әубәкірова.

Бүгін Астанада Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты алдын ала тыңдау отырысы өтті. Оның алдында айыпталушы Нұрбек Әжімбайдың әкесі істің тергеуге беруін талап еткен еді. Ерасылдың ата-анасының уәжін сотта адвокат Тельман Аленов атқаратын болады.

Бұған дейін Мейірбаев пен әкесі сотқа жәбірленуші болып қатысатынын хабарлаған едік. Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты іс прокуратураға жіберілген болатын.

Естеріңізге салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі ақпан айында қала сыртынан табылған еді. Оны қаскөйлер азаптап өлтіріп, қол-аяғын байлап, басына пакет кигізіп қарға көміп тастаған. Көп ұзамай студентті азаптау сәті түсірілген таспа да пайда болды. Онда осыАян Мейірбаевтың марқұмды байлап қойып, ұрып жатқанын анық аңғаруға болады. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтыншы курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Талқылау