Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысы барлар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде оқиғаға қатысы бар деген күдікпен төрт адам қамауға алынды және есімдері белгілі болды. Олар марқұмның жерлесі – Аян, Нұрбек, Виталий және Андрей есімді азаматтар.

ерасыл Аубакиров

Бұл туралы Korrespondent.kz хабарлайды.

Аталған іспен Астана қалалық ішкі істер департаменті айналыспайтын болды. Бұл қылмыстық істі ҚР Ішкі істер министрлігінің арнайы тергеу тобы қолға алды. Күдіктілердің әрекеті дәлелін тапса, олар өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Себебі  алдын ала сөз байласып, ұйымдасқан түрле адам өлтіру аса ауыр қылмыс түріне жатады.

Бұған дейін Ерасылдың өліміне қатысты жерлесінің күдікке ілінгені және күдіктінің кәсіпкердің ұлы болып шыққаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау