Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әубәкіровтың өліміне қатысты тұтқындалған күдіктілердің есімдері белгілі болды

Астанада Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты үш күдіктіні де қамауға алуға шешім шықты. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

photo_24094

Сурет әлеуметтік желіден алынды

“Астана қалалық Алмалы аудандық №2 сотының қаулысымен күдіктілер А.Тихоненко, В.Шерстенов, Н.Әжімбай қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты екі айға қамауға алынды. Оларға ҚР ҚК 2 бабы 99 тармағы бойынша айып тағылып отыр”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Астана қалалық Алмалы аудандық №2 соты бұған дейін қылмыстық іске күдікті деп ұсталған Аян Мейірбаевты да қамауға алуға үкім шығарған еді.

Ерасыл Әубәкіровтың денесі 10 ақпан күні табылған. Астана қалалық ІІД жедел-арнайы тобының шаралары нәтижесінде, өлтіру фактісіне қатысы бар деген күдікпен төрт адамның ұсталғаны хабарланған еді. Қылмыстық істі қазір ҚР ІІМ тергеу комитеті қарап жатыр.

Талқылау