Әубәкіровтың өліміне күдікті хабарландыру сайтында “шақыртумен массаж жасау” қызметін ұсынған

Дүйсенбі, 15 Ақпан , 2016 14:25

Өскемендік студент Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты жаңа айғақтар пайда болды. Оның өліміне қатысы бар деп ұсталған күдіктілердің бірі, Ерасыл жоғалып кетерден бір күн бұрын оққағарлық жұмыс іздеп, массаж жасаушы қызметін де ұсынған.

Sgerstenev001_1

Суреттер әлеуметтік желілерден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, 3 ақпан күні медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен еді. 10 ақпан күні оның денесі табылды. Қылмысқа қатысы бар деп төрт күдікті ұсталып, олар екі ай қамауға алынған еді.

Күдіктілердің бірі Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы 28 жастағы Виталий Шерстенов Астанаға жұмыс іздеп келіпті. Оның соңғы жұмыс орыны – астаналық құрылыс компаниясы болған. Ол онда көлік жүргізушісі ретінде жұмыс істепті. Астанадағы Алмалы аудандың №2 сотының қаулысында Шерстенов жұмыссыз деп хабарланған. Жас жігітті өлімі болардан бұрын, оның белсенді түрде жұмыс іздегені байқалады. 2 ақпан күні olx.kz сайтында көлік жүргізушісі немесе оққағар қызметін іздейтінін айтып, Шерстенов хабарлама қалдырған. Автор “өте шыдамды” екенін, ауыр жұмыстан қорықпайтынын айтқан. Бұрынғы жұмыс орыны ретінде екі құрылыс фирмасын көрсеткен. Ол, сондай-ақ, «Range rover, BMV X5, Mercedes Benz S 500, и Audi A8» көліктерін жүргізгенін жазыпты. 2015 жылдың желтоқсан айында ол полицейлерге ұсталып, жалған мемлекеттік нөмір таққаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелген.

Бір қызығы, Шерстенов хабарландыру сайтында тек оққағар мен көлік жүргізушісі қызметтерін ғана ұсынбайтынын айтқан. 2 ақпан күні оның атынан тағы бір хабарландыру ілінген.

“Дене тез қалыпқа келу үшін, спорттық массаждар жасай аламын және босаңсытатын RELAXX массажын үйлерге шақырумен барып та жасаймын”, – деген автор. Хабарландырудың қасында оның кеудесін жалаңаштап түскен суреті де бар.

Ерасыл Әубәкіровтың өліміне күдікті ретінде ұсталған 31 жастағы Андрей Тихоненко да оққағарлық жұмыс іздепті. Оның “Одноклассники” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаттығу залында түскен бірнеше фотосы бар. Алдын-ала нұсқалар бойынша Виталий Шерстенов пен Андрей Тихоненко Ерасыл Әубәкіровтың өліміне басты күдікті ретінде ұсталған Аян Мейірбаевтың күзетшілері функциясын орындаған болуы мүмкін.

zal201602151

31 жастағы Аян Мейірбаевтың өзі Шығыс Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Оның әкесі Есен Мейірбаев та Өскемендегі ауқатты бизнесмендердің қатарынан. Ол ұлына тағылған айыпқа қатысты да өзінің дербес пікірін білдірген еді.

2014 жылы ШҚО мамандандырылған аудан аралық экономикалық сотының үкімімен Аян Мейірбаевтың бизнесі тәркіленген. Ал соңғы жұмыс орыны әкесінің фирмасында заңгер-кеңесші болып жұмыс жасаған.

Астанадағы медициналық университеттің 6 курс студенті Ерасыл Әубәкіровтың денесі туған жеріне жеткізіліп, кеше жер қойнына тапсырылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫНДА НЕНДЕЙ ШАРУАСЫ БОЛДЫ ЕКЕН ҚОРЛАП ОЛТРЕТІНДЕЙ. ОСЫНДАЙ ЖАУЫЗДАР ЕШ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАСЫН. ОЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛСІН. ЕШ АЯУШЫЛЫҚ БОЛМАСЫН. ҚОЛЫМЕН ІСТЕГЕНІН МОЙЫМЕН КОТЕРСІН.

  • Жұмбақ жан says:

    Булар оздеринин жумыссыз кангып жургендеримен коймай озимен ози окып билим алып журген Казакстаннын болашак хирургын олтирип отыр! Буларды олим жазасына жазаласа осылардан бари сабак алып кайталап кылмыс жасалмайтын шыгар деп ойлаймын. Олардын жазасы олим. Корсин олтирген калай болады екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар