Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әубәкіровтың өлімі бойынша ұсталған күдікті Өскемендегі айтулы бизнесменнің ұлы болып шықты

Астана соты бүгін қала тұрғыны Аян Мейірбаевты ұстауға санкция жасады. Мәлімет бойынша, оның Ерасыл Әубәкіровты азаптап өлтіруге қатысы бар болуы мүмкін. Аянның әкесі – өскемендік ірі бизнесмен, “Евразия” сауда үйінің иесі екен.

U2oKRgVlp6Y

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, соттың Астанадағы медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтың өліміне байланысты күдіктілерді қамауға алу туралы үкімі шықты. Студент 3 ақпан күні Астанадағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеумен еріктілер, полиция тіпті Әзербайжаннан шақырылған экстрасенс те айналысты. 10 ақпан күні Ерасылдың денесі қарға көмілген күйі табылды. Астана қалалық ІІД өлімге байланысты үш күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қамауға алынғандардың бірі 31 жастағы Мейірбаев Аян Есенұлы. Аянның Өскемендегі таныстары оның, “Мелад” ЖШС директоры Есен Мейірбаевтың баласы екенін растаған. “Мелад” ЖШС құрамына “Евразия” сауда үйі, Бұқтырма су қоймасының жанындағы демалыс базасы және нан өндірісі зауыты кіреді.

Ал, Ерасылды азаптап жатқан сәтті бейнекамераға түсіріп алған тағы бір куәгердің туыстары, республикалық БАҚ арқылы – ұсталған Аянның ата-анасы ақша беріп құтылып кетіп, өз ұлының ойда-жоқта қылмыскер атанып кететінінен қорқатынын айтқан.

Аян Мейірбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша күдікті ретінде қарастырылуда. Егер, сот оның қылмысын растайтын болса, оған 15 жылдан бастап өмір бойына дейінгі бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілуі мүмкін.

Аян Мейірбаевтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Ерасыл Әубәкіровпен бірге түскен суреті бар. Жас жігіттердің бір-бірімен жақсы таныс болғаны байқалады. Аян, “ВКонтакте” әлеуметтік желісіне соңғы рет 3 ақпан, яғни, Ерасыл Әубәкіров жоғалып кететін күні кірген.

Талқылау