Әубәкіровтың өлімі бойынша ұсталған күдікті Өскемендегі айтулы бизнесменнің ұлы болып шықты

Сенбі, 13 Ақпан , 2016 9:42

Астана соты бүгін қала тұрғыны Аян Мейірбаевты ұстауға санкция жасады. Мәлімет бойынша, оның Ерасыл Әубәкіровты азаптап өлтіруге қатысы бар болуы мүмкін. Аянның әкесі – өскемендік ірі бизнесмен, “Евразия” сауда үйінің иесі екен.

U2oKRgVlp6Y

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, соттың Астанадағы медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтың өліміне байланысты күдіктілерді қамауға алу туралы үкімі шықты. Студент 3 ақпан күні Астанадағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеумен еріктілер, полиция тіпті Әзербайжаннан шақырылған экстрасенс те айналысты. 10 ақпан күні Ерасылдың денесі қарға көмілген күйі табылды. Астана қалалық ІІД өлімге байланысты үш күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қамауға алынғандардың бірі 31 жастағы Мейірбаев Аян Есенұлы. Аянның Өскемендегі таныстары оның, “Мелад” ЖШС директоры Есен Мейірбаевтың баласы екенін растаған. “Мелад” ЖШС құрамына “Евразия” сауда үйі, Бұқтырма су қоймасының жанындағы демалыс базасы және нан өндірісі зауыты кіреді.

Ал, Ерасылды азаптап жатқан сәтті бейнекамераға түсіріп алған тағы бір куәгердің туыстары, республикалық БАҚ арқылы – ұсталған Аянның ата-анасы ақша беріп құтылып кетіп, өз ұлының ойда-жоқта қылмыскер атанып кететінінен қорқатынын айтқан.

Аян Мейірбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша күдікті ретінде қарастырылуда. Егер, сот оның қылмысын растайтын болса, оған 15 жылдан бастап өмір бойына дейінгі бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілуі мүмкін.

Аян Мейірбаевтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Ерасыл Әубәкіровпен бірге түскен суреті бар. Жас жігіттердің бір-бірімен жақсы таныс болғаны байқалады. Аян, “ВКонтакте” әлеуметтік желісіне соңғы рет 3 ақпан, яғни, Ерасыл Әубәкіров жоғалып кететін күні кірген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

16
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Алладан корыкпаганнан -қорық деген ғой. Кушактасып суретке түсіп, қастық жасау адамның тирлиги емес. Каскырда қас кылмайды жолдасына деген ғой. Алла бәрін билуши. Кинали болса, миндетти түрде жазасын алады. Адам бермесе де, Алла жазасыз калдырмайды. Ең бастысы жигиттин жаны жай тапсын дейік .

  • Аманжол says:

    Қазақты қазақ өлтіргені жаңға батады екен өкінішті

  • атырау бибигуль says:

    Əрине ол жазасын алу керек. Акша берып құрылған мен құдай онын жазасын түбінде береды. Əдылеттык бар емеспе.

  • Жұмбақ жан says:

    Акшамен кутылуга жол бермеу керек, мулкин таркилеп соттату керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Жас жигиттин омири узилди, биреудин баласы гой, ата анасына баланы кайтарып бермейди, енди жазасын тиисти турде алу керек, кандай катыгездер…

  • Жұмбақ жан says:

    Аллах жазасын берсин тозақта күйсін

  • Гаухар says:

    Қатаң жаза қанша бай болғанмен құтылып кетпесе екен ақшаның кесірінен.Түрмеге тоғытылсын.Алла жазасын берсін.

  • Жұмбақ жан says:

    Не үшін, не үшін өлтірген.Адам өлтіру де оңай болғаны ма?

  • Жұмбақ жан says:

    Кунасы далелденсе 20 жылга соттау керек ауыр жаза беру керек

  • Раушан says:

    Алла жазасын берсiн

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар