Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерасылдың денесін фотоға түсіріп, желіге жүктеген полицей табылды

Астана қалалық ІІД жеке қауіпсіздік басқармасы Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесінің суреті бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.

71_main

Сурет informburo.kz сайтынан алынды

Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлайды.

“Ерасыл Әубәкіровтың денесінің суретін жариялауға, Арман Сыздықовтың өзін-өзі өлтіру фактісі және Мария Фадееваны өлтіріп кету қылмыстарына қатысты арнайы зерттеу шаралары жүргізілді. Істің ақ-қарасы ашылмай жатып, асығыс қадамға барған қызметкерлерге шара көріледі”, – делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Еске сала кетсек, Ерасыл Әубәкіров 3 ақпан күні үйінен шығып кетіп қайта оралмаған. Оны достары 4 ақпаннан бастап іздей бастаған. Іздеу жұмыстарына еріктілер, студенттер, қарапайым тұрғындар барлығы қатысқан. Алайда, 10 ақпан күні жоғалған студент қар астынан өлі күйінде табылды. Студенттің өліміне байланысты күдікті ретінде полиция төрт адамды ұстады.

“6 ақпан күні Ерасыл Әубәкіровтың жоғалып кетуіне байланысты, Астана қалалық ІІД қылмыстық іс қозғады. Полицияның жедел-арнайы тобының әрекеттері негізінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталып, қамауға алынды”, – деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Ерасыл Әубәкіровтың адвокаты сол уақыттан бергі зерттеуге алынған ақпараттарды құпия ұстауды сұрайды. Ұсталған күдіктінің де қорғаушысы ақпараттарды жария етпеу жайлы өтініш білдірген. Кейінірек, күдікті ретінде ұсталған Аян Мейірбаевтың туыстарының басқа да қылмыстарға қатысы бар екені белгілі болды.

Бұдан бөлек, 2015 жылдың қазан айында тағы бір қылмыс орын алған. Белгілі хоккейшінің әйелі Мария Фадеева өз үйінде өлі күйінде табылған еді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі зерттеу тобы құрылған. Үш күн өткен соң құқық қорғаушылар іске қатысы бар күдіктіні қолға түсірген.

“Қылмыстың қоғамдық шу тудырғанын ескере отырып, ҚР ІІМ және ШҚО ІІД қызметкерлерінен арнайы топ құрылды. Қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды. Қазір барлық тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әрі қарай жағдайдың қалай өрбитінін айта алмаймын. Іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бақылауында”, – деді ШҚО ІІД тергеу басқармасы басшысының орынбасары Сергей Шушеньков.

Сондай-ақ Арман Сыздықовтың да өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Еске сала кетсек, Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында көлік жарылып, подполковник Арман Сыздықов қайтыс болған еді. Кейінірек, мұның өзін-өзі өлтіру әрекеті екені белгілі болған. Қатты жарылыстан машина ішінде болған Арман Сыздықов көз жұмды. Ол өлер алдында жазба қалдырып кеткен.

Талқылау