Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды

ҚР ІІМ департаменті Астана қаласында өлтірілген Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады.

0

Бұл туралы Stan.kz ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевке сілтеме жасап хабарлайды.

“Әубәкіров Ерасылдың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Дәл қазір жәбірленушілер мен олардың өкілдері, күдіктілер және олардың қорғаушылары қылмыстық істің құжаттарымен танысып жатыр”, – дейді Алмас Сәдубаев.

Мұнымен қатар, ҚР ІІМ сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының құжаттарын жасырын қалдыратын болды.

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтыншы курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Маусым айында басты күдіктілердің бірі Аян Мейірбаевқа қатысты тергеу жұмыстарының тоқтатылғаны хабарланған болатын. Ол мамырдың 7-сі күні темір тордан босатылған. ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, оның қылмысқа қатысы бар екенін айғақтайтын дәлелдер аз болғандықтан босатылған. Ал Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенева және Нұрбек Әжімбай тамыздың 10-на дейін түрмеде отырады.


Жіберіп алмаңыз:

Дильназ Ахмадиева Ерасыл Әубәкіров туралы естелігін бөлісті

Куәгер Ерасыл Әубәкіровты азаптап жатқан сәтті видеоға түсіріп алған

Ерасылдың денесін фотоға түсіріп, желіге жүктеген полицей табылды

Журналистер Әубәкіровтың соңғы сағаттары өткен пәтерді тапты

Талқылау