Аян Мейірбаевтың туыстары бұрын да ірі қылмыстық істерге барған

Жұма, 19 Ақпан , 2016 19:27

Аян Мейірбаевтың туыстары бұрындары қылмыстық іске қатысы болған. Аянның туысқан ағасы Әсет Мейірбаев 2006 жылы «Тахами» түнгі клубының маңында жас баланы өлтіргені үшін айыпталған. Тағы екі Мейірбаевтардың әр кездерде сотта ісі қаралған, – деп хабаралайды yk-news.kz.

 

ayan20160217_0

Олардың бірі әпкесінің танысына пышақ сұғып алған. Екіншісі полицей қызметкерін өлтіріп қоя жаздаған.

Әсет Мейірбаев өлтірген жігіт, 22 жастағы Михаил Клюев, «Евразияда» сауда орнын жалға алған екен. Әсет те сол жерде жұмыс істеген көрінеді. Олар түнгі клубда кездейсоқ кездесіп қалып, соңы төбелеске ұласқан. Сол жерде Әсет достарымен бірге Михаилды ұрып өлтірген. Осыдан соң Әсетті 12 жылға бас бостандығынан айырып, жалпы жүйедегі түзеу абақтысына жабуға шешім шығарған.

Бұдан бөлек, 1983 жылы туылған Бақытжан Мейірбаев 2006 жылы Защита стансасында полицейді пышақпен жарақаттағаны үшін 2009 жылы сотталды. Полицей Бақытжанның топ жігіттермен төбелесін ажырату кезінде осылай жарақаттанған. Төбелес бір топ жігіттің Бақытжаннан темекі сұрағанынан басталған екен. Қуанышқа орай, полицей жарақатынан айығып, аман қалған. Сот отырысы кезінде оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарған. Алайда жаза жеңілдетіліп, 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шыққан.

2013 жылы 1994 жылғы Ақжол Мейірбаев пен әпкесінің танысы арасында төбелес болып, Мейірбаев мас жігіттің ішіне пышақ сұғып алған. Жәбірленуші аман қалған. Сот Ақжолды 4 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Айта кетейік, Ақжол Мейірбаев 2011 жылы 17 жасында заңсыз қару ұстағаны үшін жауапқа тартылған. Алайда, ол кәмілеттік жасқа толмағандықтан жауаптан босатылған.

Ақжол Мейірбаев әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда Аян Мейірбаевтың жақын досы. Ақжол мен Бақытжанның фамилиялары ғана емес, әкелерінің де аты бір.

Бған дейін Ерасылдың өлі денесінің табылғаны, оның денесі экстрасенстің көмегімен табылғаны, оның өліміні күдікті азаматтың кәсіпкердің ұлы болып шыққаны жайлы және күдіктінің шақыртумен массаж жасаушы болып қызмет еткені, куәгердің Ерасылды азаптап жатқан кезін видеоға түсіріп алғаны жайлы, қалыңдығы мен Ерасыл екеуінің жоспарлары туралы хабарлаған болатынбыз.

Григорий Скитер

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
31.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар