Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Сейсенбі, 28 Маусым , 2016 10:04

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе күдікті Аян Мейірбаев кепілақымен босап шықты. Бұл туралы Астана прокуратурасы ресми мәлімдеді.

фвфв

Сурет әлеуметтік желіден алынды

“ҚР ІІМ тергеу департаменті, нақтырақ айтқанда тергеу тобының жетекшісі Дүмшебаев А. Мейірбаевты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын алып тастады. Қазіргі уақытта Мейірбаев А. қылмыстық іс бойынша күдікті”, – деп хабарлады Астана прокурорының орынбасары Байшолақов.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Прокуратурадағылар қылмыстық істің өзге мән-жайының тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін күдіктілер Андрей Тихоненконың, Виталий Шерстеневтің және Нұрбек Әжімбайдың қамаудағы мерзімінің ұзарғаны хабарланған еді.

ayan-mejrbaev-1-e1455606114265

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтын курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар